Қазақстан • 23 Мамыр, 2018

Маңғыстауда сот жүйесін жетілдірудің 7 бағыты талқыланды

342 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Маңғыстау облыстық сотында судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен «Сот жүйесін жетілдірудің 7 бағыты» бойынша дөңгелек үстел өткізіліп, жұмыс тобының бағыттары мен міндеттері  талқыланды. 

Маңғыстауда сот жүйесін жетілдірудің 7 бағыты талқыланды

Осыған дейін 13 сәуірде төраға өкімімен облыстық сотта 7 бағыт бойынша арнайы жұмыс тобы құрылып, жауапты судьялар мен қызметкерлер бекітілген болатын.  Дөңгелек үстел барысында жұмыс тобының өкілдері сот жүйесін одан әрі дамыту, сот төрелігіне сенімді арттырып, сот төрелігінің әділдігін,  жауапкершілігін арттыру  мәселелерін ортаға салды.

Маңғыстау облыстық сот төрағасы Ж.Аланов мінсіз судьяның келбеті мен оған  қойылатын басты талаптарға ерекше тоқталып,  тәуелсіз сот төрелігінің халықаралық стандарттары негізінде қазақстандық қоғамның сұранысына сай, жоғары кәсіби сот корпусын қалыптастыру, сот төрелігін атқару кезіндегі судьялардың сыртқы және ішкі тәуелсіздігін заңнамалық, құқықтық және материалдық кепілдіктерін арттыру туралы атап өтті. Сондай-ақ, ол судьяның конкурсқа қатысу кезінде қойылатын талаптарын бекітіп, мінсіз судья сыбайлас жемқорлықтан ада болу керектігі туралы ұсыныс енгізу қажеттігіне тоқталды.

Одан әрі сот төрағасы жақында Батыс аймағы бойынша сот төрағаларымен кездесу өткізіп, 7 түйінде көзделген бастамалар мен жұмыс бағыттарын талқылауды, өзара пікір алмасуды, облыстық сотта ашылатын медиация орталығын қазақы нақышта безендіру туралы ойымен бөлісті.

Іс-шараға қатысушылар татуластыру жобасы бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында, Ақтау қаласы №2 сотында медиациямен қаралатын істердің санын арттыру, судьяларды медиацияны жүргізу бойынша тереңдетілген курстарға өз еркімен жіберу, судьялар атына түскен алғыс хаттар бойынша мінсіз судья жобасына ұсыныс енгізу, 7 түйін жобасы бойынша сот ардагерлерін, медиаторларды, адвокаттарды жұмысқа тарту  туралы ойларын белсенді түрде ортаға салды.  

Маңғыстау облыстық сот судьясы А.Молбаева облыстық сотта даулар мен жанжалдарды реттеу бойынша халыққа кешенді қызмет көрсету, татуласу рәсімдерінің қолдану аясын кеңейту мақсатында  медиатор, адвокат, нотариус,  ХҚО және кәсіподақ орталығы өкілдеріның кеңестерін алуға мүмкіндік беретін «Құқықтық қызмет көрсету орталығын» ашу туралы ұсыныс айтты. Сонымен қатар, соттар әкімшісінің басшысы Х.Бегалиев «7 түйін» жобасы аясындағы жұмыс тобының функционалдық міндеттері бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Қызу талқылау соңында судья-медиаторды басқа жұмыстардан босату туралы өкім шығарылып, оның міндеттері, жауапкершілігі мен жұмыс тәртіптері айқындалды. Жұмыс тобындағы судьялар мен соттар әкімшісінің қызметкерлеріне бір апта мерзім ішінде жұмыс бағыттарын нақтылап, жоспар бекітіп, бірқатар нақты тапсырмаларды  жүзеге асыру жүктелді.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45