Футбол • 24 Мамыр, 2018

Әлемнің ең атақты спортшылары анықталды

3854 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ESPN телеарнасы әлемдегі ең танымал спортшылардың рейтингін жариялады. Ең атақты спортшылардың тізімін «Реал» шабуылшысы Криштиану Роналду бастап тұр. Ол осымен қатарынан үшінші рет әлемнің ең атақты спортшысы деп танылды.

Әлемнің ең атақты спортшылары анықталды

Телеарна рейтингті жарнама келісімшарты, әлеуметтік желідегі оқырман және интернеттегі іздеу жүйесінің санына байланысты жасаған. Үздік үштікке «Кливленд» баскетболшысы Леброн Жеймс және «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси енген. Олардан бөлек, ТОП-10 ішінде Неймар (футбол), Роджер Федерер (теннис), Тайгер Вудс (гольф), Кевин Дюрэнт (баскетбол), Рафаэль Надаль (теннис), Стефен Карри (баскетбол) және Фил Микельсон (гольф) бар.

Ал кәсіпқой бокстың орта салмақ дәрежесіндегі WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин бұл рейтингте 61-орыннан көрінген.

Дайындаған Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»