Қазақстан • 24 Мамыр, 2018

Сенат Төрағасы: Қазақ жастары зерек және ерекше дарынды

1 мин
оқу үшін

Қазақ жастары зерек және ерекше дарынды, деді Сенат Төрағасы Қ.Тоқаев Атырау жастарымен кездесуде

 

Сенат Төрағасы: Қазақ жастары зерек және ерекше дарынды

– Жаңа идеяларды жас ұрпақ әкелетінін әрдайым естен шығармауымыз қажет. Жастардың жалыны мен дарынында ғаламат күш-қуат бар екенін жақсы білеміз. Сіздердің бойыңызда бар білім, іскерлік пен тапқырлық, бастамашылдық пен жаңашылдық біздің еліміздің баянды болашағы үшін өте қажет екенін естен шығармаңыздар.

Алаш арысы Әлихан Бөкейханов айтқандай: «Бөтен кісі қазаққа ешқайдан ештеңе жақсылық әкеп бермейді». Осы орайда, менің айтарым: жарқын болашақ – сіздердің қолдарыңызда.

Қазақ жастары білімге өте зерек және тым ерекше дарынды болып келеді. Жастарға айтарым: батылдықпен алға ұмтылыңыздар, жарқын болашақтың кілті өз қолдарыңызда, еңселеріңізді тік ұстап, әрдайым дем беретін асқақ рухтан ажырамау керек.

Ең бастысы – еңбек. Қай кезде де, алдымен кәсіби біліктілік пен қажырлы еңбек қажет болады. Келешектің экономикасы мен саясатында жалқау, енжар, білімі таяз адамдарға орын болмайды. Бұл да уақыттың талабы.

Өз халқының тарихын, салт-дәстүрі мен мәдениетін құрметтейтін рухта тәрбиеленген, прогресс пен инновацияға бейім жаңа буын – қазақ жастары түбегейлі рухани жаңғыруды жүзеге асыратын аса қуатты күш және бұл істе шешуші рөл атқаруы тиіс.

Соңғы жаңалықтар

Уылжыған іңкәр сезім

Тұлға • Бүгін, 08:35

Мұхит баба ізімен

Тағзым • Бүгін, 08:25

Ауылдың ырысы ортаймайды

Ауыл • Бүгін, 08:10

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:50

Табыс тапсаң, «Таудай бол»!

Кәсіпкер • Бүгін, 07:30

Тыңайтқыш алудың ыңғайлы тәсілі

Шаруашылық • Бүгін, 07:20