09 Желтоқсан, 2011

Президенттік олимпиада

1193 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Назарбаев тәу етер Тәу­елсіздігімізді алған күннен бас­тап жас ұрпаққа білім беру, тәрбиелі етіп өсіру мәселесін бірінші кезекке шығарып келе жатқаны қалың жұртқа мәлім. Жыл сайынғы Жолдауларында да бұл игі іс сала-салаға бөлі­ніп, тиянақты жұмыстарды тың­ғы­лықты атқару жайы да алға тар­тылып, әсіресе, жара­ты­лыстану пәндерін оқыту ту­ралы бағыт-бағдар беріп келеді. Осы қам­­қорлықты қалт­қы­сыз орындау мақсатында Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» рес­пуб­­­­ликалық ғы­лыми-практика­лық орталығы математика, физика, биология және химия пән­дерінен президенттік олимпиада өткізуді дәстүрге айналдырып отыр. Биыл да үлгі болар үрдіс жал­ғасын тауып, кеше елордада айтулы олимпиада өз жұ­мы­сын бастады. Бұл жолғы білім сайы­сы Тәуелсіздігіміздің 20 жылды­ғына арналып отыр­ғанын айта кетсек дейміз. Ел­ордадағы «Ri­­­xos President Ho­tel Astana» қо­нақ­үйінің мәжі­ліс залында аш­ыл­ған салта­нат­қа еліміздің бар­лық айма­ғы­нан келген 160-қа таяу 11-сы­нып оқушылары қа­тыс­ты. Олимпиаданың басты мақса­ты: жаратылыстану-мате­ма­ти­ка­лық бағытта дарынды оқ­у­шы­лар­ды анықтап, оларға қол­дау көр­сету, білім-білігі мықты та­лант­ты жастарға жағдай жасай оты­рып, патриоттық ру­хын биіктетіп, елдік тұрғыда тәрбие беру. Президенттік олимпиа­да­ның бас демеушісі болып отыр­ған «Эксон Мобил Қазақ­стан Инк.» компаниясы екенін, бұл ком­­па­ния­ның әркез ұрпақ тәрбие­сіне, олардың білім алуына қар­жылай көмек көрсетіп, оның ішінде, жара­ты­лыстану пәнде­рі­не әркез ілтипат таныта­ты­нын атап өтке­німіз ләзім. Олимпиадаға қатысқан оқу­шылардың білімін бағалай­тын қазылар алқасының төр­аға­сы, академик, Мемлекеттік сыйлық­тың лауреаты Мұх­тар­бай Өтел­баевтың айтуына қа­рағанда, жүз­ден жүйрік же­ңім­паздар мек­теп бітіргеннен кейін өздері қалаған жоғары оқу орындарына түсе ала­ды екен. Ол жарыс үш ке­зеңде, яғни теориялық, экспери­мент­тік және Британ кеңесінің ағ­ылшын тілінен тест тапсыр­ма­ла­рын орындау бойынша өте­ті­нін де алға тартты. Сүлеймен МӘМЕТ.