Петербург халықаралық экономикалық форумының «Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері» атты сессиясында сөз сөйлеген «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетов форумға қатысушыларды «Астана» халықаралық қаржы орталығының ресми ашылу салтанатына қатысуға шақырды.
– Тікелей шетелдік инвестицияларды тарту Қазақстанның экономикалық саясатындағы басымдықтардың бірі. Осы бағытта көптеген жұмыстар атқарылып жатыр, заңнамалық өзгерістер жасалды. Қазақстан Президентінің бастамасымен «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру арқылы тартымды экожүйе жасалды. 5 шілдеде қаржы орталығының ресми ашылуы болады, осыған орай халықаралық форум өтеді. Баршаңызды қатысуға шақырамын,– деді Қ.Келімбетов.
Арнұр Асқар,
«Егемен Қазақстан»