Өтінім беру шарттары:
1. Қазақстан Республикасының кез келген азаматы реалити-шоуға қатысуға өтінім бере алады.
2. 18-28 жас аралығындағы қатысушылар сынға түсе алады.
3. Салмақ категориясы: 65,8
4. Дене шынықтыру диспансерінің рұқсаты болу керек. Үміткер физикалық тұрғыдан мықты, дені сау болуы қажет. Созылмалы ауруы болмауы тиіс.
5. Спортта тәжірибесі және әуесқойлар жекпе-жегінде қандай да бір жетістіктері болуы қажет. (ММА, қол жұмсайтын ұрыс, самбо, бокс, күрес, кикбоксинг, муай-тай, карате, таэквондо, джиу-джитсу және т.б.)
6. Қатысушының көпті қызықтыра білетін қасиеттері болуы тиіс.
ЕСКЕРТУ: Кәсіби жекпе-жекте тәжірибесі бар және кәсіби промоушндармен келісімшарт жасағандар РЕАЛИТИ-ШОУҒА ҚАТЫСА АЛМАЙДЫ ( ұйымдастырушылар барлық үміткерлер жайлы мәліметті тексеруден өткізеді).
ҚАТЫСУШЫҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
1. Қатысу талаптарын орындау
2. Толтырылған сауалнаманы жіберу.
3. Жалаңаш кеудеде сайыскерлік тұрыспен түскен сапалы суретіңізді жіберіңіз.
4. Сканерден өткен диплом, сертификаттарыңыз бен әуесқойлар жекпе-жегіне қатысқаныңызды растайтын анықтаманың электронды нұсқасын жіберіңіз. (Шақыру алсаңыз, барлық құжаттардың түпнұсқасын әкелуіңіз қажет)
5. Форма № 86 анықтамасы мен көкірек қуысының рентгенге түсірілген кескіні қажет. Электронды нұсқада.
6. Осы ақпараттарды мына мекен-жайға жіберіңіз: qazfighter@gmail.com
Өтінімді 2018 жылдың 12 маусымына дейін толытырып жіберу керек.
Іріктеу кезеңінен өткен барлық үміткер кастингке шақыру алады.
Финалдық турдың іріктеуіне дейінгі келіп-кету және тұру шығындарын үміткердің өзі төлейді.
Егер ұйымдастырушылардан шақыру алмаған болсаңыз, алғашқы іріктеу турынан өтпегенсіз.
Бас жүлде - 5 000 000 теңге