Қазақ философиясының бес томдығы жарыққа шықты

Ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейінгі заманды қамтитын «Қазақ философиясының тарихы» атты бес томдық оқырманмен қауышты. Бұл – Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Философия, саясаттану және дінтану институты» тарапынан жарық көрген қомақты жинақ. Осыған орай Алматыда құнды еңбектің тұсаукесері өтіп, оған белгілі философ-ғалымдар мен саясаткерлер қатысты.

Егемен Қазақстан
28.05.2018 1522

– Мұнда қазақ философия­сының ұлттық сипаты, оның Шығыс пен Батыс арасындағы Қазақ­станның геосаяси жағ­дайымен белгіленген рухани мәд­ениетінің байлығы мәселе­сі талқыланады. Бұл көлем­ді еңбекте қазақ философия­лық ойының барлық маңыз­ды кезеңдері: түркілік кезең, ақын-жыраулардың филосо­фия­лық көзқарастары, қазақ ағарту­шылығы философиясы, ХХ ғасырдағы қазақ филосо­фиясы мен тәуелсіздік кезеңдегі философиялық ой-тұжырымдар зерделенген, – деді Философия, саясаттану және дінтану институ­тының директоры Ақан Бижанов.

 Қазақ тіліндегі бес томдық еңбекті шығару жөніндегі ғы­лы­ми-зерттеу жобасының же­тек­­­шісі, академик Әбдімәлік Нысан­баев сүбелі еңбекке жан-жақты тоқталды. 

– Бұрын институт ғалым­дары тарапынан төрт томдық «Ұлы дала ойшылдары» деген ең­бек жа­рық көрген. Кейін «Мәде­ни мұра» бағ­дарламасына орай ж­и­нақ та шықты. Енді міне, бүгін бес том­дық құнды дүние оқыр­­мандарға ұсынылып отыр. Фило­со­фияның мәселелеріне орай біз­бен туыс­тас көрші елдер де өз еңбек­терін шығаруда. Ай­талық, өз дәс­түрі мен пәлса­палық тарихын сара­­лаған Әзер­байжан – төрт, Тәжік­стан – үш және Өзбекстан бір том­дығын шығарды. Олар қа­зір қазақ тілінде жарық көрген біз­дің бес томдығымызды аттай қалап, қыз­ы­ғушылықпен сұрап отыр.

 Тоқсаныншы жылдардың басында, кеңестік замандағы көзқарас бойынша шыққан еңбек­тер баршылық еді. Ал еліміз Тәуел­сі­з­дігін жариялағаннан кейін қоғам басқа сатыға өткен тұста, ғалымдар «енді не істей­міз?» деген сыңайда абды­рап қалғандай болды. Алай­да қазақ философиясының ұлт­тық сипаты, оның Шығыс пен Батыс арасындағы геосаяси жағ­дайы, ұлтымыздың рухани бай­лығы, дәстүрі мен салты, өзін­дік құндылықтары зерттеліп, ғалымдар тарпынан жаңа са­тыға көтерілді. Тәуелсіздікті нығай­ту мен ұлттық бірегейлікті қалып­та­с­тыру жағдайында еліміздің ру­ха­ни және философиялық төл мұ­ра­сына жүгінуі, халық­тың өзін­дік сана­сының өсуіне әсер ететін, ұлт­тық келбетіне, бірлігі мен ынты­мақтастығының тамыры тереңге кеткен тарихи бас­тау­ларына деген мүддесінің жаң­ғыруы заңдылық.

Философиялық еңбектің үш томы қазақ ағартушылығына ар­налған. Бұрын жұртшылық Абай, Шоқан, Ыбырайды ғана оқулықтан тапса, енді Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Ғұмар Қараш және тағы басқа ғұламалармен толықты. Сонымен қатар Қазақ хандығы, қазақ философиясы едәуір зерттелді. Соңғы томы тәуел­сіз қазақ философиясына ар­нал­ған. Енді осы бес томдық ең­бекті орыс және ағылшын тіл­дерінде шығару жоспарлануда. 

 Философия, саясаттану және дінтану институты бес томдық қомақты еңбектің бір парасын Түркияға сыйға тартты. Енді туыс­тас, түбі бір түрік ғалымдары бірнеше томдық жинақты аударып шығаруға құлшына кіріспек. Соның тұсаукесерін Анкара шаһарында өткізбек. Бұл істе олардың зор тәжірибелері бар. Кезінде «Түркістан» энцик­лопедиясын көрнекті қоғам қай­раткері Сүлеймен Демирел өз қаржысына шығарған болатын. 

 Қазақ философиясының тарихы – бірнеше жылдың қажырлы еңбегі. Бұл болашақта бірнеше тілде жарық көреді деп жоспарлануда. Бес томдық қомақты еңбекті халықаралық деңгейге сай етіп шығару үшін әлі де пысықтап, сапасын арттырып, дамыта түсу керек. 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Егемен Қазақстан» 

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.06.2018

Парламентте балалар денсаулығына қатысты заң жобасы қаралды

19.06.2018

ОҚО-ның әкімшілік орталығы Түркістан қаласына көшіріледі

19.06.2018

Елімізде газ нарығында үлкен өзгерістер болады

19.06.2018

Энергетика министрі халық алдында есеп берді

19.06.2018

Асхат Аймағамбетов: «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлердің 98,4%-ы білімдерін растады

19.06.2018

Ақсуда Қымызмұрындық мерекесі өтті

19.06.2018

Мемлекет басшысы Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойды

19.06.2018

Қ. Тоқаев сарапшылар алдына жаңа міндеттер қойды

19.06.2018

Бүгін Үкімет отырысында қандай мәселелер талқыланды?

19.06.2018

Павлодарда казактар мәдениеті мен өнері күні өтті

19.06.2018

Гүлшара Әбдіқалықова «Ұлы Дала» гуманитарлық ғылымдар форумына қатысты

19.06.2018

Головкинге The Ring журналының белбеуі табысталды

19.06.2018

Чемпиондар лигасы. «Астананың» іріктеу кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды

19.06.2018

Астанада Дүниежүзілік тау-кен конгресі өтіп жатыр

19.06.2018

Сенаторлар валюталық реттеу туралы заң жобаларын талқылады

19.06.2018

«Жетісу көктемі» атты республикалық форум: жас қаламгерлер не дейді?

19.06.2018

СҚО-ның Бостандық ауылында қуғын-сүргін құрбандарына арнап ескерткіш-тақта орнатылды

19.06.2018

Мемлекет басшысы Қайрат Мәмиді қабылдады

19.06.2018

Бурабайда «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының тұсауы кесілді

19.06.2018

Солтүстік Қазақсанда жаңа мешіт ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Арайланған, абаттанған Астанам!

Махамбет «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жалынды жырына қосқандай, бүгінде еңсесі биіктеген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сары даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ән мен күйдің бұлағы – Астананың құрағы 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Басынан бағы таймасын - Жақсыбай Самрат

Ақмолаға бақ ерте қонды, оның аумағы тіпті патша заманында облыс болған. Орталығы Омбы қаласы болғанымен облыстың Ақмола атануының өзі оның ерте танылғандығының белгісі. Әйтпесе осы облыс құрамында сол кездегі Ақмола­дан үлкен Омбы, Қызылжар, сәл кішірек Көкшетау, Атбасар қалалары болған, бірақ соған қарамай облыс атауын Ақмо­ла иемденген.

Жарқын ШӘКӘРІМ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Нағыз қазақ...

 Домбыра – қазақтың жаны, қазақтың көзі, терең тамырлы тұңғиығы, сан ғасыр­лық серігі, ағыл-тегіл күйі. Сандаған ғасыр­­лардан жеткен Қорқыттың қобы­зы үніндей інжу-маржан сазды әуені. Домбыра күй күм­безін көкке өрлеткен кө­ненің көзі, тәңірдің құдіреті. Кетбұғаның күй күңіренісі, Ноғайлының зар заманы, Сы­пыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Дос­панбет, Шалкиіз­дердің жыр арқауы, қанаты. Байжігіт пен Абы­лай ханның күй төгілткен жан серігі. Күні кешегі Нұрғиса мен Қаршығалардың дүл­дүл күйшілігі. Бүгінгі музыка өнері бәйте­регінің тамырлы шежіресі. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу