Аймақтар • 29 Мамыр, 2018

Шымкентте IT-орта­лық ашылды

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» партиясы IT-мамандарды дайындау, білім беру саласын жетілдіре түсу мақсатында жаңа жобаларды қолға алғаны белгілі. Аталған жобалар аясында алдағы үш жылда елімізде жұмыс беруші ІТ-компаниялар мен ірі жоғары оқу орындарының базасында 20 ІТ-орталық ашылып, жылына 35 мың адамға білім беру жоспарланған болатын.

Шымкентте IT-орта­лық ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының мәліметіне сәйкес, 2018 жылы құны 4 млн 900 мың теңгені құрайтын, 3200 оқушыны қамтитын 20 сынып, ал 2019 жылы 8100 оқушыны қам­титын 30 ІТ-сынып ашу жос­­пар­лануда. Ол сыныптарда ІТ-орталықтарда білімін жетіл­дірген мұғалімдер сабақ беретін болады.

Осы жоспарлар аясында жақын­да Шымкентте IT- орта­лық ашылды. Азаматтардың цифр­лық сауаттылықтарын арт­ты­руға, білім беру саласын жетіл­діруге бағытталған IT- орталық «Нұр Отан» пар­тия­сының «IT-маман­дарды да­йындау» жобасы шеңберінде іске асты. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мем­лекет­тік университетінің базасын­да орналасқан IT-орталық заманауи 16 компьютер, жо­ға­ры жылдам­дықтағы интернет, қажет­ті веб-бағдарламалармен жаб­дықталған.

– Бұл орталықта IT саласына қатысты қажетті ақпараттар, түрлі қызметтер ұсынылып, мамандар оқытылатын болады. Бұл өз кезегінде халықтың цифрлық сауаттылығын арттырады, – дейді облыс әкімінің орынбасары Т.Сәрсембаев.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,
«Егемен Қазақстан»