Қазақстан • 01 Маусым, 2018

2018 жылғы әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстан 38-орынды иеленді

2358 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2018 жылғы 24 мамырда Халықаралық менедж­ментті дамыту институтының (IMD, Лозанна, Швейцария) Жаһандық бәсекеге қабілеттілігін зерттеу орталығы 2018 жылғы әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингін жариялады.

2018 жылғы әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстан 38-орынды иеленді

IMD рейтингі экономикалық белсенділік, үкімет тиімділігі, бизнес тиімділігі және инфрақұрылым сияқты факторларды бағалайтын жан-жақты зерттеудің нәтижесі болып табылады. Жылнамада 340 көрсеткіш қамтылып, олардың 2/3 статистика­лық деректер негізінде, 1/3 – сауалнамаға сәйкес есептелінеді.

2018 жылғы зерттеу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы 38-орынды иеленді.

2018 жылы рейтингке әлемнің 63 елі қатысты. Биыл рейтингті АҚШ бастады. Ең бәсекеге қабілетті елдер – бұрынғысынша Гонконг, Сингапур, Нидерланд, Швейцария. ТМД елдерінің арасында Қазақстан жоғары орында тұр, Ресей – 45-орында, ал Украина – 49-орында.

Рейтингтегі орынның төмендеуіне қарамас­тан, екі фактор бойынша оң үрдістер байқалады. «Эконо­микалық қызмет» факторы бойынша Қа­зақ­стан 5 орынға көтеріліп, 49-орынды иеленді. Жақсару үш субфактор бойынша орындардың жақсаруымен түсіндіріледі: «Халықаралық сауда» – 56-орын (6 тармаққа жақсару), «Жұмыспен қамту» – 26-орын (6 тармаққа жақсару) және «Бағалар» – 48-орын (5 тармаққа жақсару). Орындардың төмендеуі «Ішкі экономика» – 46-орын (6 орынға төмендеу) және «Сырт­қы инвестициялар» – 28-орын (10 орынға тө­ме­н­деу) субфакторларының нашарлауымен байқалды.

«Инфрақұрылым» факторы бойынша ұста­ным­ның 1-тармаққа 43-орыннан 42-орынға жақ­саруы байқалады. Жақсару үш субфактор бойынша орын алды: «Базалық инфрақұрылым» – 47-орын (8 тармаққа жақсару), «Ғылыми инфрақұрылым» – 47-орын (2 тармаққа жақсару), «Білім» – 29-орын (6 тармаққа жақсару). Сонымен қатар «Технологиялық инфрақұрылым» – 49-орын (6 тармаққа төмендеу) және «Денсаулық сақ­­тау және қоршаған орта» – 56-орын (3 тар­мақ­қа төмендеу) субфакторлары әлсіз болып қалуда.

«Үкіметтің тиімділігі» факторы бойынша Қазақ­стан 25-орынды иеленді. Аталған фактор елдің бәсе­кеге қабілетті артықшылығы болып табыӨ­ла­ды. «Қоғам­дық құрылым» субфакторы бо­йын­ша 2 тар­мақ­қа (28-орын) жақсару бай­қалады. «Мем­лекет­тік қаржы» субфакторы бойынша 4-орыннан 19-орынға төмендеу байқалуда. «Бизнес туралы заңнама» субфакторы бойынша 6 тармаққа төмендеу (28-орын), «Салық саясаты» – 4 тармаққа төмендеу (14-орын) және «Институционалдық орта» – 4 тармаққа төмендеу (50-орын) байқалады. 

«Бизнестің тиімділігі» факторы бойынша Қазақ­стан 34-орынды иеленді. Аталған фак­тор бөлі­сінде құрамдастардың орындары төмен­дегі­дей: «Өнімділік пен тиімділік» – 42-орын (4 тар­маққа төмендеу), «Еңбек нарығы» – 13-орын (6 тар­маққа төмендеу), «Қаржы» – 42-орын (2 тармаққа төмендеу), «Менеджмент практикасы» – 29-орын (15 тармаққа төмендеу), «Қарым-қатынас пен құндылықтар» – 33-орын (22 тармаққа төмендеу).
Респонденттердің пікірінше, Қазақстан Рес­публ­и­ка­сы экономикасының ең тартымды бес факторы: стратегиялық тұрақтылық пен жағ­дайдың болжамдылығы (57,8%), қолайлы іскер­лік орта (55,6%), динамикалық экономика (респон­денттердің 46,7%), салық салудың тиімді жүйесі (41,1%) және тиімді еңбек қатынастары (32,2%).