Қазақстан • 01 Маусым, 2018

Дәурен Абаев: Бүгінгі таңда Электронды биржада 32 мыңнан астам бос жұмыс орны бар

427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда Электронды биржада 32 мыңнан астам бос жұмыс орны, 69 мыңнан астам резюме бар. 75 мыңға жуық азамат тұрақты жұмысқа орналасқан. Бұл туралы бүгін Сенатта өткен парламенттік тыңдау барысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. 

Дәурен Абаев: Бүгінгі таңда Электронды биржада 32 мыңнан астам бос жұмыс орны бар

Министрдің айтуынша, 2018 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан бойынша электронды еңбек биржасы өнеркәсіптік қолданысқа енгізілді. Бұл, мемлекеттік сектор жүйелеріне кіру рұқсатын ашудың көмегімен іске асқан алғашқы жоба.

"Қазір 38 мың жұмыс беруші, 45 еңбекпен қамту агенттіктері, 5 Бұқаралық Ақпарат Құралдары мен 5 онлайн-алаң жұмыс істеп тұр. Ең бастысы электронды биржа, азаматтардың жұмысқа орналасу үрдісін жылдамдатады", деді министр.