Қазақстан • 01 Маусым, 2018

Елбасының БАҚ саласындағы сыйлықтарына ұсыным қабылдау мерзімі ұзартылды

482 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасының БАҚ саласындағы сыйлықтарына ұсыным қабылдау мерзімі ұзартылды

Мемлекет басшысының 2018 жылғы БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттарын, сондай-ақ алғысын алуға үміткерлерден ұсынымдар қабылдау мерзімі 2018 жылғы 6 маусымға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі мәлім етті. Мәліметке сай, сыйлықтар мен гранттар алуға үміткерлерді бұқаралық ақпарат құралдары, шығармашылық одақтар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар ұсына алады.

Соңғы жаңалықтар