Қазгидрометтің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде жел 17-22 м/с күшейеді, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан да асуы ықтимал, жекелеген аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола облысының кей жерлерінде түнде жел тұрады, 15-20 м/с, күндіз өңірдің басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с жететін жел соғады.
Қостанай облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20, күндіз кей уақытта 15-20, желдің екпіні 23-28 м/с, жекелеген аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұруы, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күтіледі, кей жерлерінде 23-28 м/с күшейеді, жекелеген аудандарында найзағай, тұман, дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең жекелеген аудандарда найзағай жарқылдап, бұршақ түсуі мүмкін.
Алматы облысында кей жерлерінде желдің жылдамдығы 17-22 м/с, екпіні 28 м/с дейін жетеді, кей жерлерінде дауыл тұрады, бұршақ түседі.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, түнде және таңертең желдің екпіні 23 м/с жетеді, жекелеген ауданында дауыл күтіледі, күндіз бұршақ болуы ықтимал.
Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, кей жерлерінде 25 м/с, жекелеген ауданында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с, күндіз жекелеген ауданында шаңды дауыл соғады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с күшейеді, жекелеген ауданында шаңды дауыл тұрады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде -2 градусқа дейін төмендейді.