Қазақстан • 04 Маусым, 2018

Астанада қала күніне дайындықпен танысты

466 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде аккредитациядан өткен шетелдік дипломатиялық корпус өкілдерін елорданың 20 жылдық мерейтойын мерекелеуге байланысты өткізілетін шаралармен таныстыру мақсатында брифинг өтті. Оған Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Астана қаласы әкімі Әсет Исекешев, халықаралық G-Global секретариат басшысының бірінші орынбасары Мұрат Қарымсақов, Астана әкімдігі мәдениет және спорт басқармасының бастығы Болат Мажағұлов қатысты.

Астанада қала күніне дайындықпен танысты

Брифинг барысында Астана әкімі Әсет Исекешев дипломатиялық корпус өкіл­дерін қала күніне дайындықтың үш топтамасы­мен таныстырды. Оның айтуынша, бірінші топтамаға Мәдениет және спорт министр­лігімен бірлесе жасал­ған дайындық кірсе, екінші топта­маға Қазақстанның өзге өңірлері­мен бірге дайындалған шаралар, ал үшінші топ­тамаға шетелдік серіктестермен бірлесе өткізілетін іс-шаралар кіреді. Бұл бас­тамалар Астананы іскерлік және мәде­ни туризм орталығы ретінде таныту­ға өз септігін тигізбек.

«Жалпы, жыл бойы өткізілетін мәде­ни шараларға 1 миллионнан астам адам қатысады деп күтілуде. Сондық­тан инженерлік-әлеу­меттік инфра­құры­лымдарды дайындау, қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз ету бо­йынша барлық дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр», деді ол.

Сондай-ақ тұрғын үй аулаларын, саябақ­тар мен гүлзарларды, қоғам­дық алаңдар­ды абат­тандыру бойынша да ауқымды жұмыс­тар жүргізілуде. Мәсе­лен, елорда күнінде 100-ден астам, ал жалпы осы жылы 400-ге жуық жаң­ғыр­тылған ауланы тапсыру жоспар­ланып отыр. Олардың басым бөлігі «Рухани жаң­ғы­ру» бағдарламасы аясында жеке ин­вес­тор­­лар­­дың қаражатына абаттандырылады деп кү­ті­лу­де. Ал елорда күніне орай 7 жаңа саябақ пен гү­лзар ашылып, 40 мыңнан астам ағаш отыр­ғызылады.

Венера ТҮГЕЛБАЙ,
«Егемен Қазақстан»