Аймақтар • 04 Маусым, 2018

«SportFEST Kazakhstan» жобасының финалы

476 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақмола облысының Бурабай курортында орналасқан «Бал­дәу­рен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2017 жылдың күзін­де бастау алған «SportFEST Kazakhstan» рес­пуб­ликалық спартакиадасының финалдық кезеңінің ашылу салтанаты өтті.

«SportFEST Kazakhstan» жобасының финалы

Елімізде тұңғыш рет бұқаралық спортты дамыту бойынша қолға алынып отырған жобаның ашылу салтанатына Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қор­ғаныс және қауіпсіздік комитетінің төр­айымы Дариға Назарбаева, Дін істері және аза­маттық қоғам ми­нис­трі Дархан Кәлетаев, Ақмола облы­сының əкімі Мəлік Мырзалин, облыс­тық іріктеу кезеңдерінің жеңім­паз­дары мен жастар ұйымы­ның өкілдері және бір­қатар танымал спортшылар қатысып, қат­ы­су­­шыларға сәттілік тіледі.

«Бүгін «Балдәуренде» іріктеу кезеңнің жеңімпаздары жиналып отыр. Әрқайсыңыз өз өңіріңіздің үздігісіздер. Спартакиадаға елі­міз­дің 800 мектебі қатысты, енді сіздер өз мектептеріңіздің, аймақтарыңыздың намысын қорғауға кел­діңіз­дер. Ойындар  тартысты боларына сенемін. Спорт бұл – күш, физикалық дайындық, денсаулық, және ең бастысы, жеңіске деген ұмтылыс. Қарсыласты ғана емес, өз-өзіңді жеңе білу өнері. Спорт рухы биік, мықты тұлға болуға жігерлендіреді. Ал біздің елімізге мұндай тұлғалар қажет. Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан білімді де, саламатты өмір салтын да меңгерген жан-жақты азамат болуларыңыз керек», деді Дариға Назарбаева.

Жобаға барлығы 6000 оқу­шы қатысқан. Олардың 528-і «Балдәуренде» бақ сынауда. «SportFEST Kazakhstan» – «Ком­му­­ни­кативтік бастамалар мен стра­тегиялар» жеке қоры мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жо­баларды дамыту қорының алғашқы спорттық жобасы.

«2017 жылдың күзінде бастау алған «SportFEST Kazakhstan» жобасы бұқаралық спорт пен саламатты өмір салтын насихаттауға ба­ғытталған. Финалдық сайысты осын­ша­лықты ауқымды етуіміздің себебі де жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мен олардың көшбасшылыққа, жеңіске деген ынтасын ояту», дейді «Комму­ни­кативтік бастамалар мен стратегиялар» жеке қорының бас директоры Айбек Қазы­ғұлов.

Сондай-ақ Дариға Назарбаева «SportFEST Kazakhstan» жобасын енді жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастыру керек деген ұсыныс білдірді. «SportFESТ Kazakhstan» жобасының негізгі мақ­саты – мектеп оқушы­ларының спортқа деген ынтасын арттыру. Яғни дене шынықтыруды өмі­рі­міз­дің ажырамас бөлігі ретінде қа­лып­тастыру. Осы орайда, «Sport­FEST Kazakhstan» жобасын ұйымдастыруды жыл сайын дәс­түрге айналдыру керек», деп атап өтті Дариға Нұрсұлтанқызы.

«SportFEST Kazakhstan» рес­пуб­л­икалық спартакиадасының фи­налдық кезеңіне аймақтық ірік­теу ойындарынан өткен 8-10 сынып оқушылары қатысып жатыр.

Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы