Қазақстан • 04 Маусым, 2018

Қазақстанның көз тоймас көрікті табиғаты

1823 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда табиғат шебер­лікпен үйлестіріп, жомарттықпен бере салған таңғажайып көрікті орындар аз емес. Соның біре­гейі – «Алтын Емел» ұлттық паркі.

Қазақстанның көз тоймас көрікті табиғаты

Ол Жетісу Алатауының оң­түстік сілемдерінің арасында, Алматы облысының Кербұлақ және Панфилов аудандарына орналасқан. Шатқалдардан ежелгі адамдардың тасқа қашап салған суреттерін көруге болады.

«Алтын Емел» атауы моңғол тілінде «Алтын ер» дегенді біл­ді­реді. Аңыз бойынша, 1219 жылы Шыңғысханның әскері Орталық Азияны жаулап алуға аттанып, осы алқапты кесіп өтіп бара жат­қанда, күн батып бара жатқан шақта сарғайған шөп жамылған тауларды көріп, ұлы қолбасшы «Алтын ер!» деген екен. Алтын Емел асуы шын мәнінде, сырттай қарағанда, ер-тоқымға ұқсайды.

Алтын Емелдің тағы бір көр­кі – Іле өзенінің түбінен жел ұшы­рып келген құмнан түзілген әнші шағылдар. Құм төбелердің дыбыс шығаруының себебі – құм түйірлерінің бір-біріне үйкел­генде ғажайып бір әннің әуені естілгендей болады.