Ұйымдастырушылар бұрынғы сайлаулармен салыстырған биыл халық белсенді екенін айтады.
Биылғы сайлауға 25 саяси партия атынан мыңнан астам үміткер қатысып отыр. Солардың ішінен 88 адам парламентке мүшелікке сайланады. Сайлау комиссиясының деректеріне сәйкес, бұрынғы премьер-министр Яниз Яншидің «Словения Демократиялық партиясы» (SDP) жеңіске жетті.
Айта кетейік, Янез Янша үкіметке 2004 жылдан 2008 жылға дейін, сондай-ақ 2012-2013 жылдары жетекшілік етті. Сайлау нәтижесінде «Словения демократииялық партиясы» 24,96 пайыз дауыс жинады. Екінші орындағы «Марьян Шарец Тізімі» партиясы 12,66 пайыз дауысқа ие болды. Ал «Социал-демократы» 9,92 пайыз дауыс жинап, үшінші орын алды.
Сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушылардың саны 51,97 пайызды құрады. Словениядағы электораттардың жалпы саны шамамен 1,7 млн-ға жуық.
Іңкәр РАҚАЙ,
Еуразия ұлттық университетінің студенті