Қазақстан • 06 Маусым, 2018

Маңғыстауда облысында автобус маршруттарының тарифі өзгерді

336 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2017 жылғы маусым айы мен қазан айының аралығында Маңғыстау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына облысішілік тұрақты жолаушы тасымалы маршруттарына қызмет көрсетуші 8 мекемеден жолақы құнын көтеру жөнінде өтініш хаттар келіп түскен.

Маңғыстауда облысында автобус маршруттарының тарифі өзгерді

Тасымалдаушылардан жолақы құнын көтеру жөніндегі өтініштердің түсуіне  нарықтағы жанар-жағармай бағасының тұрақсыз өсуі, қосалқы бөлшектер мен сервистік қызмет көрсетудің қымбаттауы, жаңа автокөлік бағасының, автостанциялардағы жалдау ақысының өсуі және соның салдарынан тасымалдаушылардың жүріс шығындарының ақталмауы себеп болған.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы «Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы» № 614 Бұйрығының 2-тармақ 8-тармақшасында: «Тұрақты маршруттарда жолаушылардың жол жүру құны, оларға байланыссыз баға факторлары бойынша (отын және жағармай материалдарының, автошиналардың, аккумуляторлар мен қосалқы бөлшектер бағасының қымбаттауы) тасымалдаушылардың нақты шығыны 10 %-дан артық өзгерген кезде түзетіледі», яғни жол жүру құны қайта қаралады делінген. Аталған заңнамаға сәйкес және тасымалдаушылардан түскен өтініштердің негізінде Маңғыстау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Тұрақты ауданаралық (қалааралық, облысішілік) қатынастары тарифтері  жөніндегі арнайы Комиссия құрды.

Комиссия мүшелері облысішілік тұрақты жолаушы тасымалы маршруттарына қызмет көрсетуші 8 тасымалдаушының жолақы құнын көтеру жөніндегі өтініштері мен анықтамаларын, тариф есептері мен негіздемелерін өткізілген комиссия отырыстарында тиісті деңгейде қараған болатын. Ортақ дауыс беру нәтижесінде комиссия құрамының жартысынан көп бөлігі (75%) тұрақты жолаушы тасымалы маршруттарының тариф құнын көтеруді қолдап, ұсыныс беріп, шешім шығарды.

Тұрақты ауданаралық (қалааралық, облысішілік) қатынастары тарифтері  1-қосымшадағы Облыстық мәслихаттың 30.05.2018 ж. № 19/239 шешімімен келісіліп, Маңғыстау облысы әкімдігінің 31.05.2018 ж. №125 Қаулысымен бекітілді.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы