Қазақстан • 06 Маусым, 2018

Елжан Біртановтың тексерісінен кейін Қаскелеңдегі аурухана жабылды

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар емханасына тексеріспен барып, оның жабылуын талап етті. 

Елжан Біртановтың тексерісінен кейін Қаскелеңдегі аурухана жабылды

Емхананың жағдайы жөнінде Біртанов: “Бұл емханың науқастарды емдеуге жағдайы жоқ. Сол себепті, емхананы жауып, міндеттерін Қаскелең қаласының орталық емханасына аудару мәселесін қарастырамыз. Емхананы тексерістен өткізу кезінде науқас балалардың аналарымен тілдестік. Олардың айтуы бойынша, жедел жәрдем қызметін қырық минут бойы күтуге тура келді. Бұл жөнінде аудан басшысына ескерту жасалынып, жедел жәрдем қызметін күшейту шараларын қолға алуды тапсырдық”, деді.

Алматы облысының тұрғындары аталған емхананың қызметіне шағымданып, бұрын да хабарланған.