Қазақстан • 06 Маусым, 2018

Астанада Қазақстан-Словения бизнес форумы өтіп жатыр

367 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада «Kazakh Invest» ҰК» АҚ қолдауымен Қазақстан–Словения бизнес форумы өтіп жатыр, оған екі елдің іскерлік орталарының 60-тан астам өкілдері қатысуда.  

Астанада Қазақстан-Словения бизнес форумы өтіп жатыр

Форумның ашылу салтанатында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой мен Қазақстан–Словения бизнес клубының президенті Деян Штанцер құттықтау сөзін арнады. 

Деян Штанцер өз сөзінде Словенияның Еуропа орталығында орналасқанын және Австриямен, Италиямен, Мажарстанмен және Хорватиямен шекараласатынын атап өтті. Бұл Словенияның Солтүстік пен Оңтүстік, Батыс пен Шығыс арасында көпір іспеттес екенін білдіреді, ең маңыздысы — мұнда ашық теңізге жол ашық. Сондай-ақ, Словения ЭЫДҰ, ЕЭҚ секілді барлық аса маңызды дүниежүзілік ұйымдардың мүшесі.

Kazakh Invest басқарушы директоры Эрик Якубаев, өз кезегінде, Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы туралы айтып, словениялық бизнесмендерді республика өңірлеріндегі инвестициялық жобаларды қарастырып көруге шақырды.

Бұдан өзге, форум барысында словениялық инвестор Севен Рефракторис, AHA Hyperbarics (HBOT) бас директоры Питер Кокаль сөз сөйледі.

Форум қорытындысы бойынша Астанада Қазақстан–Словения бизнес клубының офисін ашу және тіркеу рәсімі өтті.