Медицина • 06 Маусым, 2018

Астанада екінші баланың менингит жұқтырғаны расталды

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының жұқпалы аурулар емханасына түскен екі баланың қанында менингит бактериясы табылғаны расталды. Бұл жөнінде емхананың бас дәрігері Сәуле Нұрашева мәлімдеді.

Астанада екінші баланың менингит жұқтырғаны расталды

«29 мамырда келіп түскен баланың жағдайы жақсы. Ем шаралары уақытында жүргізіліп, анасы мен баласының жағдайы жақсарды. Науқастың 21 күн ішінде дертінен толық сауығатыны күтілуде. Ауруханаға 4 маусым күні жеткізілген екінші баланың менингит диагнозы расталып, бүгінде тиімді ем шаралары жүргізілуде. Дертке ұшыраған балалардың жақындары да профилактикалық емдеуден өтті» деп дәрігер хабарлады.

4 маусым күні Астана қаласының жұқпалы аурулар емханасының жан сақтау бөліміне екі жасар баланың жеткізілгені жөнінде еске саламыз. Баланың Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданында тұрғаны атап көрсетілді.