Аймақтар • 06 Маусым, 2018

Алматылықтар Сайран көлін жабылып тазалады

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін қалалықтар Алматыда триатлоннан Азия кубогын өткізер алдындағы дайындықтар аясында Сайран көлінің төңірегінде тазалау жұмыстарын өткізді. Бұл іске еріктілермен қоса, спортшылар, қоғамдық белсенділер жұмылды.

Алматылықтар Сайран көлін жабылып тазалады

«Таза қалада өмір сүр!» ұранымен өткізілген әлеуметтік шара 270 еріктіні су қоймасының жағасына жинады. Нәтижесінде, жарты күн ішінде қоқыс жүктелген бес жүк көлігі тасымалданды.

Алматы триатлон федерациясы мен Алматы марафонының бастамасымен өткізілген акцияны – «Жасыл ел» жастар бағдарламасы, академик

Триатлон бойынша Азия Кубогы (АSTС Asian Cup) 2018 жыл 4-5 тамыз күндері Алматының Сайран көлінде өтеді. Алғашқы рет Алматыға континенталды деңгейдегі спорттық жарыс өткізу тапсырылды.

Азия триатлон федерациясы 29 мемлекетті біріктіретін спортшылар саны бойынша әлемдегі ең ірі федерация болып табылады. Алматыдағы Азия Кубогына 130-дан астам кәсіби триатлет қатысады.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ