«Ауру көрсеткіші төмендеді. 17-ші апта аурудың шарықтау шегі болып тіркелді. Осы уақытта республикада барлығы 15 оқиға, ал Алматыда – 13 оқиға тіркелді. Бүгінгі күні біз Алматыда да төрт күн бойы менингокок инфекциясының жаңа оқиғалары тіркелмегеніне қуаныштымыз», - деді ол.
Жандарбек Бекшиннің хабарлауынша, бүгінгі күні еліміздегі барлығы 24 науқас және Алматы қаласында 12 адам ем алуда.
«Алматыда қазіргі кезде жағдайы жақсарған 14 науқас ауруханадан шығарылды, бұл көрсеткіштің төмендеуін көрсетеді», - деді ол.
Дайындаған Миражан МАХАН,
1 курс студенті