Қазақстан • 07 Маусым, 2018

Бақытжан Сағынтаев Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысын өткізді

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысы өтті.

Бақытжан Сағынтаев Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысын өткізді

Отырыс барысында экономиканы ырықтандыру және кедендік реттеуді жетілдіру мәселелері талқыланды. Күн тәртібі бойынша «Globalink Logistics Group» бас директоры С. Хан баяндама жасады.

Мәселелерді талқылауға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Досаев, ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Р. Скляр, Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы А. Теңгебаев, «Сентрас» компаниялар тобының бас директоры Е. Әбдіразақов, «BI Group» холдингі директорлар кеңесінің төрағасы А. Рахымбаев және т.б. қатысты.