Елбасының ҚХР-ге мемлекеттік сапары барысында екіжақты тоғыз құжатқа қол қойылды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік сапармен Қытай Халық Республикасына келгенін бұдан бұрын хабарлағанбыз. Кеше сапар аясында Елбасы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен ресми кездесу рәсімінен кейін кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.  

Егемен Қазақстан
08.06.2018 905

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Циньпиннің ұсынысы­мен мемлекет­тік сапар мәртебесі берілген Елбасының бұл жолғы сапары Қытай елінің тағдырын айқындаған, бола­шаққа бағдар берген оқиғалармен тұспа-тұс келген­дігімен де дара­ла­нып тұр. Нақтырақ айтқанда, наурыз айын­да Жал­пықытайлық халық өкіл­дері жиналысының (ЖХӨЖ) тари­хи пленумы өтіп, онда жаңа дәуір­де социализм­ді тек қытай жұр­тына тән ерекшелік­терге бай­ла­ныс­ты қалыптастыруға негізделген тағдыршешті шешімдер қабылданғаннан кейін ҚХР аймақтағы сыртқы саясатына маңыз беріп, экономикасын одан әрі күшейте түсуге бет бұрған болатын. Сол тұста Қытай Халық Республикасындағы аталған құрылымдық өзгерістерге күллі әлем көз тікті. Осы орайда әлемдегі озық экономикалар көшінің бастапқы легінде тұрған Қытаймен қарым-қатынас біздің еліміз үшін де ерекше маңызға ие. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республи­касының Төрағасы Си Цзиньпин­мен кездесуінің ресми салтанаты Халық жиналысы үйінің алаңын­да өтті. Ресми сәттен соң мемлекеттер басшылары кеңейтілген құрамда кездесіп, бірқатар келелі мәселелер бойынша келіссөздер жүргізді.

Мемлекет басшысы өзінің кіріспе сөзінде Қытай тарапына мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны үшін ризашылығын білдіре отырып, қос ел басшылары арасындағы әр кездегі кездесулердің жылы қабылдаулар дәстүрімен ерекшеленетінін жеткізді.

– Мен, ең алдымен, Сізді жоғары мемлекеттік лауазымға қайта сай­лануыңызбен және Қытай Компар­тиясының ХІХ съезін табысты өткізуі­ңіз­бен құттықтаймын. Бұл қытайлық өзіндік ерекшелігі бар социализм құру жолындағы әлемдік мәні бар айтулы оқиға болды, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев «Қытай арманын» жүзеге асыру ісінде ел мемлекет­тіліг­інің тірегі саналатын Қытай Ком­партиясы рөлінің артқанына тоқталды.
Қазақстан Президенті 2012 жылдан бері жоғары деңгейдегі 18 кездесу өткенін айтып, Қазақстан-Қытай қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.

– Осы уақыт ішінде біз жалпы сомасы 67 миллиард доллар көлеміндегі 127 екіжақты құжатқа қол қойдық. Бізге осы диалогті жалғастыру қажет. Былтыр өзара сауда көлемі 11 мил­лиард долларға жуықтады. Бұл жердегі өсім 30 пайыздан астам. Екіжақты қатынастарымызды ілгерілету үшін біздің бұдан да зор әлеуетіміз бар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасы Төрағасының достық, тең құқылық, өзара ынтымақтастық және мемлекеттік егемендікті құрмет­теу рухында тату көршілік қатынас­тарды дәйекті дамыту ісіндегі жеке үлесін жоғары бағалады.

– Сіздің Жібек жолының эконо­ми­ка­лық белдеуін қалыптастыру жөнін­дегі бастамаңызды іске асыру барысын­да біздің ынтымақтастығымыз нығая түсті, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қытай Халық Республикасының Төрағасы тату көршіліктің үлгісіне айналған екіжақты ықпалдастық­тың жоғары қарқынмен дамып келе жатқанына тоқталып, бірлескен инфрақұрылымдық бастамаларды, соның ішінде «Бір белдеу, бір жол» бағдар­ламасын іске асыру ісінде өзара сенім мен ынтымақтастықтың нығай­ғанын атап өтті.

– Біз адамзаттың ортақ тағдырын қалыптастыру жолында Қазақстанмен бірге болуға және адамзаттың жарқын болашағы үшін ақыл-ойымыз бен күш-жігерімізді жұмылдыруға дайынбыз. Мен Қазақстан-Қытай достығының алып кемесін Сізбен бірге басқаруға әзірмін, – деді Си Цзиньпин. 
Келіссөздер барысында Қытай тарапы Қазақстанның экологиялық тұрғыдан таза ауылшаруашылық өнімін өз нарығына жеткізуге, энергетика саласындағы, мұнай-газ кешеніндегі, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстар, жаңа технологиялар мен цифрландыру салаларындағы екі жақты ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделілік танытты.

Кездесу соңында Қазақстан Прези­денті Қытай Халық Республи­касының Төрағасын Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Жалпы, Қазақстан Президенті жоғарыда атап өткен өзгерістердің қытайлықтардың ішкі-сыртқы саясатына оң әсері жоғары болғандығы анық. Нақтырақ айтсақ, 2018 жылдың 5-20 наурызы күндері аралығында Бейжіңде Қытай коммунистік партия­сы Орталық комитетінің төрағасы Си Циньпиннің төрағалығымен 13-ші шақырылымдағы Жалпықытайлық халық өкілдері жиналысының 1-сессия­сы өтті. Осы жиынның қорытындысы бойынша мемлекет басшыларының жаңа құрамы сайланды және ҚХР Мемлекеттік кеңесі және ЖХӨЖ Тұрақты комитеті, Жоғарғы сот пен Жоғарғы халықтық прокуратураның жылдық есептері тыңдалды. Сондай-ақ ҚХР Мемлекеттік кеңесін жаңғырту жоспары қабылданып, осы құжат бо­йынша ҚХР үкіметінде 26 министр­лік пен комитеттер құрылды. Жаңа құрылымдардың қатарында Табиғи ресурстар, Ардагерлер ісі жөніндегі, Төтенше жағдайларды басқару жөнін­дегі, Мәдениет және туризм, Эколо­гиялық орта министрліктері бар. Міне, осы бетбұрыстар мен құры­лымдар Қытайдың әлемдік саяси экон­оми­калық бағдарына айналды.

Осы құрылымдардың бір­қатары­ның басшылары Мемлекет басшы­ларының қатысуымен Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты құжаттарға бірлесе қол қою рәсіміне де қатысты.

Алдымен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Респуб­ликасының бірлескен мәлімде­месіне қол қойды. Бұдан кейін ядро­лық материалдарды, радиоактивті қалдықтарды және радиациялық қауіпті заттарды заңсыз өткізуді болғызбау жөніндегі Қазақстан Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы келісімге, сондай-ақ Қазақстан Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы Қытайдың жеңілдетілген несие беруі туралы негіздемелік келі­сімге, Қазақстан мен Қытай қаржы министрліктерінің арасындағы түсі­ністік және ынтымақтастық туралы меморандумға, Қазақстанның Инвестициялар және даму министрлігі мен Қытайдың Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті арасында индустрияландыру және инвестициялар, оның тетіктерін құруға байланысты бірлескен жобалардың тізімін бекіту туралы және өндірістік қуатты арттыру мен инвестициялар бойынша ынтымақтастық жоспарын бірлесе әзірлеу туралы меморандумға, Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі мен Қытайдың Сауда министрлігі арасындағы электронды сауда саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға, Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытайдың Бас кеден басқармасы арасында Қазақстаннан Қытайға экспорт­талатын сиыр етіне инспек­ция­лық, карантиндік және ветеринар­лық-санитарлық талаптар туралы хаттамаға, Қазақстанның Ауыл шаруа­шылығы министрлігі мен Қытай­дың Бас кеден басқармасы арасында Қазақстаннан Қытайға экспортталатын жоңышқа шөбіне санитарлық және фитосанитарлық талаптар туралы хаттамаға қол қойылды.

Бұдан соң Қытай Төрағасының ресми қабылдауында болған Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин Қазақстан мен Қытайдың бірлескен жобасы – «Композитор» фильмінің трей­лерін тамашалады. Аталған фильм Қазақстан мен Қытайдың кино өндірісі саласындағы тырнақалды жобасы болып отыр. 

Көркем фильмді Ш.Айманов атын­дағы «Қазақфильм» киностудиясы мен Қытайдың «Shinework Pictures» және «China Film Coproduction Corporation» компаниялары түсірген. Басты рөл­дерде қазақстандық актерлер – Берік Айтжанов, Алтынай Нөгербек, Аружан Жазылбекова және қытайлық актерлер – Ху Цзюнь және Юань Цюань ойнайды.

Кинотуындыда Қытайдың ұлы композиторы Сянь Синхайдың (1905-1945) шиеленіске толы ғұмыры бейне­ленеді. Сәл тарқатып айтар болсақ, Сянь Синхай Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары қудаланып, Алматыға тап болады. Жоқшылық пен аштықтың салдарынан әбден титықтаған композиторды Қазақстанның белгілі өнер қайраткері, композитор Бақытжан Байқадамов кезіктіріп, азапты өлім­нен арашалап қалады. Бұл фильм екі мемлекеттің кино шеберлерінің қаты­суымен «биопик» жанрында, яғни белгілі тұлғаның тағдыр талайы тұтастай немесе өмірінің қайғылы бетбұрыстарын ашып көрсететін тәсіл­мен берілген. Тағы бір атап өтер­лігі, Сянь Синхай бес жүзден аса лири­­ка­лық және көпшіліктің таңдауы түскен әндердің авторы және оның ең танымал туындыларының көбі Қазақстанда бас сауғалап жүрген уақытында жазылған. Атап айтқанда, ол әйгілі «Ұлт азаттығы» симфония­сын Алматыда жазып аяқтады.

Қазақстан Президенті фильм трей­лері­нің таныстырылым рәсімін­де актер­лер құрамына кәсіби өнер көрсет­кені үшін ризашылық білдіріп, екі елдің мәд­ени саладағы ынтымақтастығының жо­ғары деңгейге көтерілгенін атап өтті. 

Жалпы, Қазақстан Президентінің мемлекеттік сапары еліміздің ұзақ мерзімді стратегиялық мүдделеріне сай келе­тіндігін және еліміздің аймақ­тағы ең бір ықпалды мемлекетпен тең дәреже­лі саяси келісімдерін жоға­ры дең­гейге көтеруге мүмкіндік беретін­дігін атап өткен жөн. Оның үстіне, Мемле­кет басшысының қатысуымен өтетін жоғары деңгейдегі бүгін де жалға­сын табатын келіссөздер Қазақ­стан мен Қытай арасындағы өзара ұтымды саяси, сауда-экономикалық байланыс­тардың тиімділігін арттырып және көп салалы ынтымақтастықты шегендей түспек.

Сайып келгенде, Елбасының мемлекеттік сапары еліміздің сыртқы саясатында Қытай бағытына маңыз берілетіндігін және тату көршілікке негізделген тең құқылы, өзара сыйластық байланысқа баса назар аударылатындығын көрсетіп отыр. Оның үстіне бұл сапар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қытайлық әріптесімен жеке достығын нығайтып, Қазақстан мен Қытайдың көп салалы стратегиялық байланыс­тарын жаңа деңгейге көтеретіндігі ақиқат. Бүгін Мемлекет басшысы сапарының екінші күнінде Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің Төрағасы Ли Чжаньшумен жоғары деңгейдегі кездесу өткізу, сондай-ақ Қазақстан мен Қытайдың іскер топтар өкілдерімен жүздесуі жоспарланып отыр. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев алдағы демалыс күндері Қытайдың Циндао қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады деп жоспарланған.

Қазақстан мен Қытай арасындағы келіссөздер кездесулердің алғашқы күні-ақ нәтиже бере бастады. Елбасы сапары индустрияландыру, инвести­ция­­лар тарту сияқты өзекті мәселелерге жаңа серпін беруде. 

Серік ӘБДІБЕК,
«Егемен Қазақстан» – Бейжіңнен (Қытай)

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.06.2018

Парламентте балалар денсаулығына қатысты заң жобасы қаралды

19.06.2018

ОҚО-ның әкімшілік орталығы Түркістан қаласына көшіріледі

19.06.2018

Елімізде газ нарығында үлкен өзгерістер болады

19.06.2018

Энергетика министрі халық алдында есеп берді

19.06.2018

Асхат Аймағамбетов: «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлердің 98,4%-ы білімдерін растады

19.06.2018

Ақсуда Қымызмұрындық мерекесі өтті

19.06.2018

Мемлекет басшысы Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойды

19.06.2018

Қ. Тоқаев сарапшылар алдына жаңа міндеттер қойды

19.06.2018

Бүгін Үкімет отырысында қандай мәселелер талқыланды?

19.06.2018

Павлодарда казактар мәдениеті мен өнері күні өтті

19.06.2018

Гүлшара Әбдіқалықова «Ұлы Дала» гуманитарлық ғылымдар форумына қатысты

19.06.2018

Головкинге The Ring журналының белбеуі табысталды

19.06.2018

Чемпиондар лигасы. «Астананың» іріктеу кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды

19.06.2018

Астанада Дүниежүзілік тау-кен конгресі өтіп жатыр

19.06.2018

Сенаторлар валюталық реттеу туралы заң жобаларын талқылады

19.06.2018

«Жетісу көктемі» атты республикалық форум: жас қаламгерлер не дейді?

19.06.2018

СҚО-ның Бостандық ауылында қуғын-сүргін құрбандарына арнап ескерткіш-тақта орнатылды

19.06.2018

Мемлекет басшысы Қайрат Мәмиді қабылдады

19.06.2018

Бурабайда «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының тұсауы кесілді

19.06.2018

Солтүстік Қазақсанда жаңа мешіт ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Арайланған, абаттанған Астанам!

Махамбет «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жалынды жырына қосқандай, бүгінде еңсесі биіктеген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сары даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ән мен күйдің бұлағы – Астананың құрағы 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Басынан бағы таймасын - Жақсыбай Самрат

Ақмолаға бақ ерте қонды, оның аумағы тіпті патша заманында облыс болған. Орталығы Омбы қаласы болғанымен облыстың Ақмола атануының өзі оның ерте танылғандығының белгісі. Әйтпесе осы облыс құрамында сол кездегі Ақмола­дан үлкен Омбы, Қызылжар, сәл кішірек Көкшетау, Атбасар қалалары болған, бірақ соған қарамай облыс атауын Ақмо­ла иемденген.

Жарқын ШӘКӘРІМ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Нағыз қазақ...

 Домбыра – қазақтың жаны, қазақтың көзі, терең тамырлы тұңғиығы, сан ғасыр­лық серігі, ағыл-тегіл күйі. Сандаған ғасыр­­лардан жеткен Қорқыттың қобы­зы үніндей інжу-маржан сазды әуені. Домбыра күй күм­безін көкке өрлеткен кө­ненің көзі, тәңірдің құдіреті. Кетбұғаның күй күңіренісі, Ноғайлының зар заманы, Сы­пыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Дос­панбет, Шалкиіз­дердің жыр арқауы, қанаты. Байжігіт пен Абы­лай ханның күй төгілткен жан серігі. Күні кешегі Нұрғиса мен Қаршығалардың дүл­дүл күйшілігі. Бүгінгі музыка өнері бәйте­регінің тамырлы шежіресі. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу