Парламент • 08 Маусым, 2018

Мәжіліс депутаттары «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығымен кездесті

475 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен депутаттар «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығымен кездесті. Отырыстың негізгі тақы­рыбы кәсіпкерлер палатасы қызметінің 5 жыл ішіндегі нәтижелері, сондай-ақ Қазақстанда бизнесті дамыту мәселе­леріне арналды.

Мәжіліс депутаттары «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығымен кездесті

Жиын барысында елдегі бизнес саласындағы маңызды мәселелер талқыланып, оларды шешуге қатысты нақты ұсы­ныстар айтылды. Сондай-ақ «Атамекен» ҰКП мен депу­таттық корпус арасындағы әріп­тес­тікті дамытудың негізгі басым­дықтары айқындалды. 

Іс-шараны жүргізген Мәжі­ліс Төрағасы Н.Нығматулин кәсіпкерлікті дамыту үшін бес жылда маңызды заңдардың қабылданғанын атап өтті. 
«Атамекен» ұлттық пала­тасы құрылып қана қоймай, бес жылдың ішінде үлкен нәти­желерге қол жеткізді. Бұл ең алдымен, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қамқор­лығының, қолдауы­ның және көреген саяса­ты­ның нәти­же­сі. Сонымен бірге «Атамекен» пала­та­сы басшы­ларының, қыз­мет­кер­лерінің де еңбегінің жемісі деп айтуға болады. Соның нәтижесінде «Атамекен» өзі­нің еліміз үшін, халқымыз үшін пайдалы, қажетті ұйым екенін дәлелдеді. Ең бастысы – Қазақстандағы барлық кәсіп­керлердің сенімді тірегіне айналды», деді Н.Нығматулин. 

Мәжіліс Төрағасы отырыс барысында Елбасының бес әлеуметтік бастамасын орындауда депутаттар «Атамекен» ҰКП-мен белсенді жұмыс жүр­гізетінін, бүгінгі күні бұл мәселе өзекті болып табы­л­аты­нын, бас­та­малардың азамат­тары­мыз­дың өмірін жақсар­туға ба­ғыт­талғанын және бір саласы кәсіп­керлікті дамыту мәселелерін шешуге мүмкіндік беретінін айтты.

Мәжіліс Төрағасы депутат­тық корпус, партия фракция­лары және «Атамекен» арасын­дағы конструктивті әріптестік­тің маңызын атап көрсетті. Өзара тиімді байланыстың орнауына 2015 жылы қабылданған Кәсіп­керлік кодексі септігін тигізіп, аталған құжатқа алғаш рет кәсіп­керлік қызметті реттей­тін барлық құқықтық нормалар біріктірілді. Депутаттар мен «Атамекен» палатасы бір­лесіп әзірлеген Салық кодексі, «Жер қойнауын пайдалану туралы» кодекс және Кеден кодексі елдегі бизнес ахуалдың жақсаруына әсер етті. 

«Мемлекет басшысы екі апта бұрын кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселе­лері жөніндегі заңға қол қойды. Осы орайда, Президенттің тап­­сыр­­масын орындау бары­сын­­да депутаттық корпустың «Ата­мекен» палатасымен бір­лесе отырып әзірлеген заң жобасы мемлекеттік бақылау қызметін 30 пайызға дейін азайтуға жағдай жасағанына куә болдық», деді Н.Нығматулин. 

Мәжіліс Төрағасы әріптес­тік­­тің нәтижесінде елдегі кәсіп­кер­­лік саласындағы өзекті мәсе­ле­­лер анықталғанына да тоқ­тал­ды. Олардың қатарында шағын және орта бизнес өкіл­деріне бері­летін несиенің қолже­тім­сіз­дігі, кадрлар біліктілігінің тө­мен­дігі мен сыртқы нарыққа шығу бар. 

«Аталған мәселелерді шешу арқылы Елбасының 2050 жыл­ға қарай елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнес үлесі 50% -дан кем болмауы жөніндегі тапсырмасын орын­дауға қол жеткізе аламыз», деді Н.Нығматулин. 

Сөз соңында Мәжіліс Төраға­сы белсенді азаматтық ұста­ны­мы мен депутаттық корпуспен ынтымақтастыққа дайын­дығы үшін «Атамекен» ҰКП басшылығына алғысын айтып, отандық бизнесті дамыту мен қолдау бағытындағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Бұдан кейін сөз алған «Атамекен» ҰКП төралқа төр­ағасы Тимур Құлыбаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызмет атқарған уақыттан бастап өзін бизнес пен билік органдары үшін барлық деңгейде тиімді диа­лог алаңы ретінде таныт­қанын атап өтті.

«Атамекен» ұлттық кәсіп­кер­­лер палатасы осы бағытта Пар­ла­мент және Үкіметпен тиімді жұмыс атқарып келеді. Мемлекет басшысының күн сайынғы қолдауы кәсіпкерлікке қолайлы жағдай қалыптастыруға мүмкіндік берді. Елде бизнеске деген көзқарас түзеліп, мемле­кеттік органдардың қарым-қатынасы өзгерді. Ең бастысы – кәсіпкерлердің билікке сенімі оянды. Қазіргі таңда өзара байланыс жаңа деңгейге көтерілді. Бұл – ел үшін тиімді», деді Т.Құлыбаев.

Сонымен қатар «Атамекен» палатасының басшысы шағын және орта бизнеске несие беру жүйесін қайта қосу шараларына тоқталды. Оның айтуын­ша, осы салаға несие бөлінбесе, кәсіп­керліктің дамуы мүмкін емес.

«Ірі банктерге сауықтыру жүргіздік. Бұған шамамен 3 трил­лион теңге салынды. Алай­да несиелеу мәселесі әзірге то­лық­­қанды шешілген жоқ. Өйт­­кені банктер ұзақ мер­зімге қар­жыландыру мәсе­лесін қарас­тырмаған әрі оларда мұн­дай мүм­кіндік бола бермей­ді. Ал шет­елдік несиелеуді қолданбағанымызға біраз уақыт өтті. Ұзақ мерзімге қаражат алу­дың екі жолы бар. Біріншісі – ха­лық­тың депозиті. Бұл мәсе­ле­де депозиттердің жартысы дол­лармен сақталғанын, ұлт­тық валютаға сенімді арт­­тыру қажет екенін ескеру керек. Екіншісі – заңды тұлға­лар­дың, ква­зи­мемлекеттік сек­тор­дың депо­зиті. Бұл депозит шама­­мен 6 триллион теңгеге жетеді. Олардың бәрі қысқа мер­зімді және экономиканы модер­ни­за­циялаудың негізгі қор жинақтауына жарамайды», деді Т.Құлыбаев.

Ұлттық палата басшысы депо­з­иттердің пайызынан да пайда тауып отырған квази­мемлекеттік сектордағы қаржы саясатының тиімділігіне күмән­мен қарайтынын жеткізді. Т.Құлыбаев тұрақты қоры бар квазимемлекеттік сектордың қа­ржы­лық жағдайын тексеруді, депо­зиттерін ұзақ мерзімді өтім­ділік ретінде қолдану мүм­кін­дігін зерттеуді ұсынды. 

Сонымен қатар Ұлттық палата мен «Самұрық-Қазына» қоры Үкімет жанынан жобалық кеңсе құру жоспарда бар екенін мәлімдеді. Аталған кеңсе экономиканы модернизациялаудың жүйелі мәселелерімен айналысады. 

«Қазіргі таңда жұмысты үй­лестіру мәселелерімен айна­лы­сып жатырмыз. Үкіметке ұсы­ныс береміз. Көптеген компа­ния­­ның қызметтері ұқсас. Мысалы, «ҚазАгроның» еншілес 5 ком­па­ниясы бар, бірақ олар бір ғана қызмет атқарады», деді Т.Құлыбаев.

Ұлттық палата төралқа төр­аға­сы агроөнеркәсіп кеше­ніне несие берудегі мәселелерге тоқ­талды. Оның айтуынша, ком­мерциялық банктер агроөнер­кәсіп кешені үшін амалдың жоқтығынан несие беретін көрінеді. Т.Құлыбаев осы орайда «Бастау» жобасының тиімді жұмыс істеп отырғанын атап өтті. Аталған жоба арқылы жұ­мыс­сыз және өзін-өзі жұмыс­пен қамтыған азаматтар жеке кәсіп­терін аша алды. 

Отырыс барысында бизнес климатты жақсарту жөнін­дегі шаралар туралы «Атамекен» ғылыми-өндірістік кәсіп­орны­ның басқарма төр­ағасы Абы­лай Мырзахметов, адами капи­талдың дамуы және бизнестің жауапкершілігін арттыру туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасарлары Эльдар Жұмағазиев пен Рустам Жүрсінов баяндады. 

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»