Қазақстан • 08 Маусым, 2018

Экспедицияның елеулі нәтижелері

277 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Орталық коммуникация қызметінде «Киелі Қазақстан» QazaqGeography Қазақстанның ұлт­тық географиялық қоғамының және «Арал-2018» экспедициясының нә­тижелері» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға Qazaq­­Geo­gra­phy халықаралық және ғылыми жобалар бөлімінің менеджері Нұр­жан Алғашов, «Назарбаев Университеті» АҚ National Laboratory Astana PR және коммуникация бөлімінің менеджері Жәмила Аязбекова, «Назарбаев Университеті» АҚ National Laboratory Astana биофотоника және имиджинг зертханасының кіші ғылыми қызметкері Вероника Дашкова, «Назарбаев Университеті» АҚ National Laboratory Astana биофотоника және имиджинг зертханасының кіші ғылыми қызметкері Айдын Әбілқас қатысты. 

Экспедицияның елеулі нәтижелері

«2018 жылғы 10-29 мамыр ара­лы­ғында QazaqGeography қазақ­стан­дық ұлттық географиялық қоғамы Солтүстік және Оңтүстік Аралға ғылыми-таным­дық экспедиция ұйымдастырды. Сапар белгіленген бағыт бойынша Қазақ­стан және Өзбекстан аумағында 7000-ға жуық шақырымды қамтыды. Олар Астана – Қарағанды – Балқаш – Шу – Тараз – Шымкент – Ташкент – Самарқан – Бұхара – Үргеніш – Нүкіс – Мойнақ – Арал теңізі – Бейнеу – Бозой – Арал теңізі – Арал – Қызылорда – Астана. Экспедиция құрамында Qazaq­Geography қызметкерлері, Назар­баев Университетінің гидробиолог ғалым­да­ры, географтар, фотографтар және Tengrinews.kz және Massaget.kz-тің фотожурналистері болды. «Арал-2018» экспедициясының мақсаты – Оң­түстік және Солтүстік Арал суат­та­ры­­ның гид­рохимиялық ахуалын зерттеу, өңір мәселелерін жарыққа шығару, Арал ма­ңының туристік әлеуетін дамытуға ар­налған деректерді өзектендіру, сондай-ақ фото және бейнематериалды жинау болды», деді QazaqGeography халықаралық және ғылыми жобалар бөлімінің менед­жері Нұржан Алғашов.

Сонымен қатар ол туристік жағы­нан алғанда, Арал өңірі шетелдік және қазақ­стан­дық туристер үшін қа­жет­ті бағытқа айна­лудың барлық мүм­кін­діктеріне ие екенін, алайда алда атқаратын шаруалардың шаш етектен екенін де жасырмады.

Профессор Наталья Бартеневаның жете­к­­ші­лігімен Назарбаев Универ­си­тетінің Био­фо­тоника және имиджинг зерт­ханасының Дмитрий Малашенков, Вероника Дашкова және Айдын Әбілқастан құралған бір топ ға­лымдары жүргізген ғылыми-зерттеу жұ­мыс­тары барысында Арал-2018 экспедициясы кезінде Оңтүстік және Солтүстік Арал­дың түрлі нүктелерінен су мен планк­тоны сынамалары алынып, судың не­гіз­гі гидрохимиялық сипаттамалары өлшен­ген.

«Атап өткіміз келетін жайт, зерттеулер микро­скопия сияқты дәстүрлі әдістерді, сондай-ақ цитометрия мен имиджингілік ци­то­метрияны қоса алғанда, ең жаңа техно­логияларды пайдалана отырып өткізілді. Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі мақ­са­ты – планктондық қауымдастықтарды зерттеу және Арал теңізінің қазіргі экологиялық ахуалын бағалау болып табылады. Алдын ала нәтижелер бойынша Солтүстік Аралдың түрлік алуандығы негізінен, жоғары тұздылыққа төзімді организмдер мекендейтін оңтүстік Аралға қарағанда едәуір жо­ғары. Тұздылық Арал теңізінің фитоп­ланктоны мен зоопланктонының түр­лік алуандығына әсер ететін негіз­гі факторлардың бірі болып табылады. Планктонның осы екі параметрі де Сол­түс­тік Аралдың экожүйесін қалпына келтіру үде­рістерін көрсетеді. Су сынамаларының тал­дауы көрсеткендей, Оңтүстік Аралдағы ірік­теу нүктелерінде судың тұздылығы 130 про­миллеге дейін құрайды, бұл өз кезегінде әлемдік мұхит суының тұздылығынан 4 есеге жуық жоғары. Салыстыру үшін атап өтерлік жайт, Өлі теңіздің ең тұзды суаттарындағы тұздылық деңгейі 330 промилле. Қазақстан Республикасының аумағындағы Солтүстік Аралдың тұзд­ы­­­-
лық деңгейі 3 және 9 промилле арасында ауыт­қыды. Бұдан әрі іріктелген сынама­лар құрамында пестицидтердің бо­­луына қатысты зерттелетін болады», де­ді «Назарбаев Университеті» АҚ National Laboratory Astana биофотони­ка және имид­жи­нг зертханасының кі­ші ғылыми қыз­мет­кері Вероника Дашкова.

Ал «Назарбаев Университеті» АҚ National Laboratory Astana PR және комму­никация бөлімінің менеджері Жәмила Аязбекова 17 және 26 мамыр аралығында QazaqGeography ұлттық географиялық қоға­мы Назарбаев Уни­вер­­ситетімен бірге ұйым­­дастырған елі­­міздің киелі жерлері бойын­ша жыл сайынғы «Киелі Қазақстан» экс­педи­ция жайлы баяндады.

«Экспедиция Астана – Екі­бас­тұз – Ақкөл мазары – Семей – Ақкөл ме­шіті – Өскемен – Абылайкит – Семей – Қо­­ңыр әулие – Қар­қаралы – Қызыл­кент қа­малы – Астана бағытында ұйым­дас­­ты­рылды. Осы жылы экспедиция мү­ше­лері Ақкөлдегі ескі ағаш мешітті, Қоңыр әулие үңгірін, Абылайкит монастырының қираған орнын, Ақкөл мазарын, ақын Абай Құнанбаевтың әкесінің мешітін және Қызылкент ғибадатханасын зерт­теді. Экспедиция нәтижелері бойын­ша Исабек Ишан Хазіреттің құлпытас эпи­тафиясынан бастап, ойрат және түркі тілдеріндегі жазбаша дереккөздерге дейін­гі 40-тан астам дереккөздер цифр­ланды, фо­томатериалдар мен жазбаша де­рек­көздер жи­налды, алты зерттелінетін объекті­нің GIS-координаттары жасалды. На­зар­баев Уни­верситетінің ғалымдары та­был­­­ған де­рек­көздерді зерттеу мен олар­дың ма­ғы­насын ашу және алты объекті­нің әр­қай­сысы бойынша қосымша этно­гра­фиялық және тарихи материал жұмысын одан әрі жалғастыратын болады. Бүкіл ақ­парат киелі жерлердің электронды атласы сай­тының негізін құрап, онлайн қолжетімді болады», деді Ж.Аязбекова.

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»