Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
2011 жылғы 10 желтоқсандағы № 69/128 қаулысына қосымша
Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының 18 адамды қамтитын партиялық тізімін мынадай құрамда тіркеді:1. Айнаева 13.05.1970 ж.,
Роза кәсіпкер, Жамбыл облысының
Әбдірайымқызы Мерке ауданында тұрады
2. Ақтаев 16.02.1950 ж.,
Қасымхан кәсіпкер, Шымкент қаласында
Ақтайұлы тұрады
3. Әбуов 14.01.1946 ж.,
Қуаныш С. Сейфуллин атындағы Қазақ
Қабиденұлы агротехникалық университетінің
профессоры, Астана қаласында
тұрады
4. Әжібаев 11.05.1949 ж.,
Сәрсенғали Алматы облыстық ауыл
Көпбайұлы шаруашылығы басқармасы
бастығының орынбасары,
Талдықорған қаласында тұрады
5. Әлішева 12.04.1967 ж.,
Жанар «Әлем-Аудит консалтинг» ЖШС
Қуандыққызы директорының орынбасары,
Ақтөбе қаласында тұрады
6. Вундер 18.10.1960 ж.,
Анна Жамбыл облыстық
Александровна филармониясының солисі-
вокалисі, Тараз қаласында тұрады
7. Егізбаев 15.05.1950 ж.,
Керімхан «Агротехнология» ғылыми-
өндірістік шаруа қожалығының
төрағасы, Қызылорда облысының
Жаңақорған ауданында тұрады
8. Елемесов 08.02.1938 ж.,
Көпмахамбет «ҚазАгроИнновация» АҚ Мал
шаруашылығы және ветеринария
ғылыми-инновациялық
орталығының бас үйлестірушісі,
Астана қаласында тұрады
9. Исабеков 20.10.1942 ж.,
Дулат «Мәдениет» журналының
бас редакторы, Алматы
қаласында тұрады
10. Кендюх 05.01.1946 ж.,
Иван «Есіл су» республикалық
Гаврилович мемлекеттік кәсіпорын
филиалының қызмет бастығы,
Петропавл қаласында тұрады
11. Кешуов 28.12.1951 ж.,
Сейітқазы Қазақ ауыл шаруашылығын
Асылсейітұлы механикаландыру және
электрлендіру ғылыми-зерттеу
институтының бас директоры,
Алматы қаласында тұрады
12. Қалиев 19.07.1938 ж.,
Ғани «Қазақстан Республикасы Ауыл
Әлімұлы шаруашылығы ғылымдарының
академиясы» РҚБ, «Қазақ
экономика ғылыми-зерттеу
институты» ЖШС президенті,
Астана қаласында тұрады
13. Құсайынова 17.04.1967 ж.,
Ләззат Қазақстан Республикасы Білім
Абайқызы және ғылым министрлігінің
Ғылым комитеті төрағасының
орынбасары,
Астана қаласында тұрады
14. Мелдебеков 24.03.1948 ж.,
Әлихан «Зоология институты»
республикалық мемлекеттік
кәсіпорнының бас директоры,
Алматы қаласында тұрады
15. Нүсіпжан 05.01.1937 ж.,
Нұрғали Жамбыл атындағы Қазақ мемле-
кеттік филармониясының солисі,
Алматы қаласында тұрады
16. Рақымжанов 15.05.1945 ж.,
Балтабай Қазақстанның «ҚазАгро»
Ұлттық фермерлер
федерациясының президенті,
Алматы қаласында тұрады
17. Смагина 01.06.1950 ж.,
Нина «Қостанай облысының тыныс-
Степановна тіршілігін қамтамасыз ету
қызметкерлерінің кәсіподағы»
ҚБ төрайымы, Қостанай облысы-
ның Қостанай ауданында тұрады
18. Тұрсынқұлұлы 15.04.1941 ж.,
Исмат «Ауыл» ҚСДП Оңтүстік Қазақ-
стан филиалының басшысы,
Шымкент қаласында тұрады
«Ауыл» партиясынан – 18 кандидат
10 желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 18 кандидаттан тұратын партиялық тізімін тіркеді. «Ауыл» ҚСДП-дан тіркелген кандидаттардың құрамында 4 ұлттың өкілі бар, олардың 22 пайызға жуығы әйелдер. Партиялық тізімге енгізілген кандидаттардың 20 пайыздан астамы 55 жасқа дейінгі азаматтар. Ең жасы – 41-де. Барлық кандидаттардың білімі жоғары. Олардың үштен біріне жуығы – заңгерлік не экономикалық, 40 пайызы халық шаруашылығы түрлі салаларының мамандары. «Ауыл» ҚСДП-дан кандидаттардың үштен бір бөлігі коммерциялық ұйымдарда, тағы үштен бір бөлігі ғылым, мәдениет және білім салаларында жұмыс істейді. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ. Байқаушылар тіркелді Кеше Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауында шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан алғашқы байқаушыларды аккредиттеді. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынымы бойынша 31 байқаушы аккредиттелді. Олардың 30-ы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының байқаушылары. Соның ішінде миссияның негізгі тобының 16 мүшесі мен 14 ұзақ мерзімді байқаушысы бар. Тағы бір байқаушы ТМД байқаушылар миссиясының өкілі. 2011 жылғы 12 желтоқсандағы жағдай бойынша мәслихаттар депутаттарының сайлауына барлығы 6275 кандидат ұсынылған. Олардың ішінде облыстық, Астана мен Алматы қалалық мәслихаттарына – 711, аудандық мәслихаттарға – 4395, қалалық мәслихаттарға – 1169 үміткер бар. Кандидаттар ұсыну 14 желтоқсанда аяқталады. Қазіргі сәтте 1074 кандидат тіркелген.Тұрғындардың дайындығы тексерілді
Облыс бойынша 4 мыңнан астам тұрғынның жеке құжаттарында жеке сәйкестендіру нөмірлері жоқ, ал 9 мыңнан астам тұрғынның жеке бас куәліктерінің мерзімі бітіп кеткен. Бұл туралы өңірдегі аумақтық және округтік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары бас қосқан отырыста айтылды. Жалпы, бұл күндері облыста жергілікті жердегі аумақтық сайлау комиссиясына қарасты 3 қалалық, 10 аудандық сайлау комиссиясы жұмыс жасауда. Сайлау кезінде 588 бөлімше дауыс берушілерге қызмет көрсетпекші. Осы күндері белгілі болғанындай, облыстық мәслихатқа 32 депутат, қалалық мәслихатқа – 25, Екібастұз, Ақсу қалалық мәслихаттарына тиісінше 17 және 13 депутат сайланады. Сонымен қатар, аудандық мәслихаттардың әрқайсысында 12 орынан, ал Май ауданында аумақтық әкімшілік ерекшелігіне орай 11 депутат болады. Мәслихаттардың кезекті сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың жалпы күнтізбесіне орай кандидаттарды ұсыну бүкіл еліміздегідей 16 қарашада басталса, 14 желтоқсанда аяқталады. Бұл туралы өңірдегі аумақтық және округтік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары бас қосқан отырыста облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Әлия Сабырханова мәлімдеді. Яғни, әрбір сайлау комиссиясының мүшесі саяси науқанға тыңғылықты әзірленіп, жауапкершілік жүгін толық түсінуі керек. Кандидаттарды тіркеу, олардың тізімін жасау, арнайы куәлік беру, дауыс беретін орындарды әзірлеу – барлығы да сайлау заңнамаларына сәйкес жүргізілуі қажет. Ал, облыс әкімінің бас инспекторы Владимир Ульяновтың айтуынша, өңірдегі кейбір қалалар мен аудандарда дауыс берушілердің мәліметтер базаларын толыққанды түрде жасау керек. Бастысы, сайлаушылар тізімін жасауда кемшілік болмауы тиіс. Мысалы, Май ауданында тізімге 18 жасқа толмаған бірнеше жасөспірімді қосып жіберген жайлар да кездескен. Өмір болған соң тұрғындардың бір жерден екінші жерге көшіп кетуі, көшіп келуі сияқты жағдайлар орын алатыны сөзсіз. Сайлаушылар санынан жаңылысу дауыс беруге әсер етпей қомайды. Бұл жергілікті сайлау комиссияларынан тізімді әрқашан нақтылап отыруды талап етеді. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар.