Кәсіпқой бокс • 09 Маусым, 2018

Қанат Ислам кезекті жаттығуында жарақат алып қалды

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам кезекті айқасына дайындық кезінде аяғынан жарақат алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қанат Ислам кезекті жаттығуында жарақат алып қалды

«АҚШ-ғы оқу-жаттығу жиындары кезінде аяғымнан жарақат алып қалдым. Негізі, кезекті кездесуім 23 маусым күні өтуі тиіс еді. Қарсыласым да белгілі болған. Өкінішке қарай бұл жекпе-жекті жанкүйер қауым көре алмайтын болды. Енді, толық жарақатымнан айығып алғаннан кейін рингке қайта ораламын. Бұйырса, екі ай көлемінде сауығып кетермін. Жанашыр жанкүйерлерім жекпе-жегімді асыға күтіп жүргенін жақсы білемін», - деді Қанат Ислам.

Естеріңізге сала кетейік, 23 маусым күні Қанат Ислам 27 жастағы мексикалық Фернандо Каркамомен (23-8, 18 КО) шаршы алаңға шығуы тиіс болатын. Жекпе-жек Лос-Анджелестегі (АҚШ, Калифорния штаты) Belasco Theatre ойын-сауық кешенінде өтеді және ол он раундқа созылады деп жоспарланған. Енді Қанат Исламның жарақат алуына байланысты бұл жекпе-жек өтпейтін болды.