Айтулы шараға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та қатысып жатыр. Жиынға Қазақстаннан бөлек Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Үндістан және Пәкістан елдерінің басшылары да қатысады.
Биылғы басқосудың ерекшелігі, ұйымның толыққанды мүшелері ретінде Үндістан мен Пәкістан қатыспақ. Осылайша трансұлттық алпауыт ұйымның әлеуеті күшейе түседі. Саммит қорытындысы бойынша Циндао декларациясы қабылданады деп жоспарланып отыр. «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы да басты назарда.