Саясат • Бүгін, 09:20

Басым бағыттар айқындалды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл еліміз Еура­зия­лық эко­но­ми­калық одаққа төра­ғалық етеді. Мәс­кеуде өткен Еуразиялық эко­но­ми­­­калық комиссия кеңе­сінің биылғы алғашқы отырысын аша отырып, Серік Жұманғарин Кеңес мүшелері мен бай­қаушы елдердің өкілдеріне арнап сөз сөйлеп, Қазақстан төрағалығының не­гіз­гі басым­дық­та­рын атап өтті.

Басым бағыттар айқындалды

«Қазақстан Президенті мемлекет басшыларына жол­даған үндеуінде ЕАЭО аясындағы ортақ жұмы­сымыздың басым бағыттарын айқындады. 2026 жылы экономиканың түрлі сала­сында жасанды интеллект құралдарын енгізуге, Одақ­тың логистикалық әлеуе­тін тиімді пайдалануға, өнеркәсіп пен агроөнеркәсіп кешенін цифрландыруға, өзара саудадағы кедергілерді жоюға, сондай-ақ үшінші елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамы­туға баса назар аудару ұсы­ны­лады», деді ол.

Сонымен қатар ортақ үдерістерді толық көлем­де жүзеге асырудың ма­ңыз­­дылығы атап өтілді. Қазір бекітілген 77 ортақ үдерістің тек 42-сі ғана нақты жүзеге асырылған. Уәкі­летті органдардың ақ­парат­тық жүйелері өзара интеграцияланбай, Одақ ішін­де тауарлардың еркін қозға­лы­сын қамтамасыз ету қиын.

Басым бағыттардың бірі ретінде «кедергісіз» транзит айқындалды. Бұл навигациялық пломбаларды кеңінен қолдануды, бірыңғай транзиттік декларацияны енгізуді және кедендік баждарды төлеуді қамтамасыз етудің біріздендірілген тетіктерін пайдалануды көз­дейді. Мұндай шаралар тасымал үдерісін жеделдетіп, оның құнын төмендетуге тікелей ықпал етеді.

Сондай-ақ коопера­ция­лық жобаларды дамы­туға айрықша көңіл бөліне­ді. Қазір Қазақстан, Қыр­ғызстан, Беларусь және Ресей компанияларының қа­ты­суымен бес коопера­ция­лық жоба мақұлданған. Негізгі міндет – кооперация қоржынын кеңейту, бірлескен өндірісті ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын ашу және локализациялау деңгейін арттыру.

Өткізу нарықтарын кеңей­ту мақсатында үшін­ші елдермен сауда келісім­де­рін кезең-кезеңімен ілге­рілету ұсынылды. Бұл ке­лі­сімдер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бизнесі үшін тұрақты өсудің негізгі көз­дерінің бірі ретінде қарас­тырылады.

Соңғы жаңалықтар