Қаланың кейбір көшелеріне апатқа ұшыраған көліктер орналастырылады. Әр көлікке «Ұялы телефонмен сөйлестім», «Бағдаршамның қызыл жолағына өтіп кеттім!, «Қарсы жолаққа шығып кеттім», «Көлікке мас күйінде отырдым», «Көлік жылдамдығын асырдым», «Есіңде болсын! Жол ортасында сенің балаң қалуы мүмкін!» деген сақтық баннерлері жазылады.
Облыстық ішкі істер департаментінің мәліметінше, осы жылдың алғашқы тоқсанында тіркелген 163 жол-көлік оқиғаларына ұшырған 214 адам түрлі деңгейде дене жарақатын алыпты. 15 адам қайтыс болыпты. Сонымен бірге, мәлімет бойынша жол-көлік оқиғасында 33 бала жарақаттанса, 91 жаяу жүргінші жол апатына ұшырады. Алты адам қайтыс болып, 89 адам түрлі деңгейде дене жарақатын алған.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»