Білім • 11 Маусым, 2018

Докторантураға қабылдау талабын өзгерту қажет - Сенат депутаты

406 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Біз бір топ қазақстандық ға­лым­­дармен кездесулер бары­сын­да олардың өтініштерін тал­дап, төмендегідей қоры­тын­дыға келдік. 

Докторантураға қабылдау талабын өзгерту қажет - Сенат депутаты

Қазақстан Республикасы Үкі­­метінің 2012 жылғы 19 қаң­­тар­дағы Қаулысымен бекі­тіл­ген Жоғары оқу орнынан кейін­­гі білім беру бағдар­ла­маларын іс­ке асыратын білім беру ұйымдарына оқу­ға қабыл­даудың үлгілік қағида­лары­на жүргізілген талдау нәтижесін­де докторантураға кемінде 3 жыл еңбек өтілі бар үміткерлер қабылданатыны туралы талап – білімнің халықаралық талаптарына сәйкес келмейтініне көз жеткіздік. PhD докторантураға түсу­ге үміткерлердің еңбек өті­лі­нің міндетті болу талабы ық­т­и­мал үміткерлер­дің еңбек жолын университеттен басқа жер­де бастауға мәжбүр етеді. Нә­ти­­жесінде олардың көбісі док­то­ран­тура базасында оқуды жалғас­тыруға қызығушылығын жоғал­­тады немесе кейбір бөлігі атал­­­ғандай шектеулері жоқ шет ел­дер­дің жоғары оқу орындары­на док­торантураға түсуге мәж­бүр бо­лады. Нәтижесінде, елі­міз­дің дарынды жастарынан айы­­ры­­лып қалу қаупі туындайды.

Үміткерлердің теориялық білім деңгейлері үш жыл­дық үзілі­стен кейін магистра­тура­дағы оқуын бітір­ген кезбен салыс­тырғанда әлдеқай­да төмен болады. Оны Мем­лекет­­тік ат­тес­та­циялық комиссия­лардың бас­шылары мемлекеттік аттестациялау нәтижелері және олар­дың диссертацияларын қор­ға­­ғандары бойынша растайды.

ЮНЕСКО қабылдаған қолданыс­тағы Білім берудің халықаралық стандарттық жіктеліміне сәйкес, док­торан­тура білім алудың жалпы үздік­сіз процесінің тіке­лей бөлігі болып табылады. Докто­ран­­тураға түсу­дің негіз­гі талабы – алдың­ғы білім беру дең­гейін (магистра­тураны) игеру болып айқындалған, сондай-ақ білім беру про­цесін үзуге, ажыратуға әкеле­тін еш­қандай жасанды шектеулер қарастырылмаған.

 Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, біз «Докторантураға кемінде 3 жыл еңбек өтілі және «магистр» дәрежесі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқуын бітір­ген адамдар қабылданады» деген 11-тармағындағы талапты алып тастау­ды ұсынып, Премьер-Министр Бақыт­жан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдадық. 

Динар НӨКЕТАЕВА,

Сенат депутаты