
Обалы не керек, әкемтеатрдың кіші залына жиналғандардың қарасы едәуір болды. Көпшілігі жастар, сырттан келген қала қонақтары да көзге шалынды.
Қанша дегенмен асықпай жүргенді тәуір көретін қазақ емеспіз бе, көрермендер залға бірінен соң бірі үздік-создық келіп жатты. Орнымыз алдыңғы қатарда болғандықтан, кешігіп келгендердің ортаға таман өтуі үшін әлденеше мәрте тұруымызға тура келді. Тіпті кейбіреулері өздерінің бізді мазалағаны үшін ыңғайсызданып, ғапу өтінудің орнына, ештеңе болмағандай қалып танытып, күліп, бір-бірімен дауыстап сөйлесіп жатты. Оларды қайдам, мыналары бізге біртүрлі ерсі көрінді. Қанша оқталсақ та, театр атты киелі орынға келген соң әдеп сақтап, әлгілерге ренішімізді білдірмей ішімізден тындық.
Көпшілік орынға келетінін білгеннен кейін адам деген ертерек қам жасап, белгіленген орынға алдын ала жайғасып алмас па. Ал мұның түк те қиындығы жоқ қой. Соған қарап, «Бізде әлі де болса кейбір көрермендердің мәдениеті төмен екен-ау» деген ойға қалдық.
Бәлкім, мұны оқыған кейбіреулер ойланар деген үміттеміз.
Кәрібай ӘМЗЕҰЛЫ,
зейнеткер
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Созақ ауданы