Облыс әкімі Рысқалиевке атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа қызметінде табыс тіледі.
Аймақ басшысы депутаттарға ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген жаңа аудан әкімінің кандидатурасын таныстырды. Ол - Жәрдемғали Ахметов.
Депутаттар Ахметовтің кандидатурасын қолдады.
Жәрдемғали Ахметов - 1984 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру мамандығы бойынша бітірген. Мемлекеттік қызметте ұзақ жылғы еңбек өтілі бар.
- 1976-1978 жылдары Кеңес Әскері қатарында міндетін өтеген.
- 1984 -2012 жылдары Жылыой ауданында қатардағы экономистен бастап аудан әкімінің орынбасарына дейінгі лауазымда мемлекеттік қызмет атқарған.
- 2012 жылы Исатай ауданының әкімі болып тағайындалды.
- 2013 жылдың мамыр айында Атырау облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына басшы болды.
- 2013 жылдан бүгінге дейін Жылыой ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет етті.