Парламент • 12 Маусым, 2018

Сенатор Д.Назарбаева француз әріптестерін қабылдады

48 реткөрсетілді

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Франция Ұлттық Ассамблеясының депутаты, «Франция-Қазақстан» достық тобының президенті Пьер Кабаре бастаған делегацияны қабылдады.

Д.Назарбаева француз Сенатындағы «Франция-Орталық Азия» достық тобы қызметінің белсенді жүруіне назар аударды және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы, Еуропа Кеңесі және НАТО аясында француз әріптестерімен көптарапты байланыстарды қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

П.Кабаре Қазақстанның қарқынды дамуы мен экономиканы цифрландыру жөніндегі таңдалған бағыттың дұрыстығын атап өтті және біздің еліміздің әлемдегі ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жөніндегі биік мақсатқа жететініне сенім білдірді.

Сенат комитетінің төрағасы аса маңызды бірқатар Еуропалық конвенциялар қатарына қосылу туралы Қазақстанның өтінішін ілгерілету жөнінде Ұлттық Ассамблеяның депутаттарына жәрдемдесуді өтінді. Мұнда Еуропа Кеңесінде 2009 жылдан бері қаралып жатқан сот ісі жөніндегі конвенциялар туралы сөз болып отыр. «Біз Қазақстанның құқықтық саласы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкес болуын қалаймыз», деді Д.Назарбаева.

Тараптар сондай-ақ сауда-экономикалық, оның ішінде аэроғарыш өнеркәсібіндегі өзара тиімді әріптестік, сондай-ақ тікұшақтар құрастыру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі ынтымақтастықты нығайтудың келешегін талқылады.

Д.Назарбаева Қазақстанның туристік әлеуеті мен азиялық «Silk viza» шенген визасын енгізу барысында Франция азаматтары үшін ашылатын мүмкіндіктер туралы әңгімеледі. Француз тарапы экотуризмді дамыту тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін білдірді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар