Мемлекет басшысының Өкімімен Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Сәуле Айтпаева 1960 жылдың 22 мамырында Торғай облысы Жақсы кентінде дүниеге келген.
1977 жылы Торғай облысы Жақсы аудандық прокуратурасы кеңсесінің меңгерушісі;
1978 жылы Торғай облысы Жақсы аудандық комсомол комитетінің машинисті;
1979-1983 жылдары Р.А.Руденко атындағы Свердлов заңтану университетінің «құқықтану» мамандығы бойынша оқуға түсті;
1983 жылы Целиноград облыстық прокуратурасы Ленин аудандық прокуратурасының тәлімгері;
1984 жылы Целиноград қаласы Ленин аудандық прокуратурасының тергеушісі;
1985 жылы Ақмола облысы прокуратурасының ішкі істер органдарындағы тергеу мен анықтауды қадағалау жөніндегі бөлімінің прокуроры;
1988 жылы Ақмола облысы прокуратурасы кадрлар жөніндегі прокурорының көмекшісі;
1992 жылы Ақмола облысы прокуратурасының ұйымдастыру-талдау бөлімінің прокуроры;
1996 жылы Целина көлік прокуратурасының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс жөніндегі аға прокуроры;
1997 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының (ҚСжАО) алғашқы есепке алу құжаттарын, есептілік және әдістеме нысандарын әзірлеу және енгізу бөлімінің басшысы;
1998 жылы - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы ҚСжАО (Д) бастығының орынбасары - Астана қаласындағы статистика басқармасының басшысы;
1999 жылы ҚСжАО (Д) бастығының орынбасары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы ҚСжАО (Д) статистиканы қалыптастыру басқармасының бастшысы;
2001 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы ҚСжАО (Д) бастығының орынбасары;
2003 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының орынбасары;
2005 жылдың желтоқсанынан Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының бірінші орынбасары;
Мемлекет басшысының 2012 жылдың сәуіріндегі Өкімімен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрағасы болып тағайындалды.
«Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері» (2001) атағы бар, «Ерен еңбегі үшін» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл» (2011) медальдарымен марапатталған.