Қазақстан • 13 Маусым, 2018

Диабетке шалдыққандар – «Нұр Отан» назарында

102 реткөрсетілді

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев қант диабетіне шалдыққан балалардың ата-аналарымен, қоғамдық ұйым өкілдері мен денсаулық сақтау мамандарымен кездесу өткізді.

Жиында қант диабетінің әлеу­мет­­тік маңызы бар аурулар қата­­ры­­нан алынып тас­талуы, тегін бе­­рі­­летін дәрі-дәрмектерді уақы­тын­­да алу мүмкіндігінің аздығы сияқ­­­ты маңызды мәселелер талқы­лан­­ды. Сондай-ақ болашақта дертке шалд­­ық­қан жандар­ды міндетті әлеу­­мет­тік меди­цина­лық сақтан­ды­ру арқыл­ы меди­циналық көмек­пен қам­та­масыз ету мәселе­лері сөз болды.

Кездесуге Денсаулық сақ­тау вице-министрі Ләззат Ақтаева, Мәжіліс депутаты Зәуреш Аман­жолова және «NoDia» диабеттік қауым­дас­тығы» қоғамдық қорының жетекшісі Бақыт Сыздықова, сон­дай-ақ қоғамдық бірлестік өкілдері қатысты. 

Жақында қант диабетіне шал­дық­қан балалардың ата-аналары әлеуметтік желі арқы­лы партия атына хат жолдаған. Жиынды аш­қан Мәулен Әшім­баев «Нұр Отан» партия­сы бұл мәселеге ерек­ше көңіл бөліп, оны тиімді шеш­удің жолдарын қарас­тыру үшін осын­дай басқосуды арнайы өткі­зіп отырға­­нын айты­п өтті. «Денсаулық сақ­тау мә­се­лелері, халыққа ме­ди­ци­­налық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арт­тыру партияның үнемі ба­қы­­лауында», – деді Мәулен Әшімбаев. Сондай-ақ партия төрағасының бірінші орынбасары бұл мәселені оңтайлы шешу үшін барлық тиісті органдарға белсене атсалысу керектігін айтты. 

Өз кезегінде, сөз алған «NoDia» диа­беттік қауым­дас­тығы» қоғам­дық қорының жетекшісі Бақыт Сыз­дықова қант диабетін әлеумет­тік маңы­зы бар аурулар қатарынан алып тастау дұрыс емес екендігіне баса назар аударды. Оның айтуынша, бүгін елімізде қант диабетіне шал­дыққан 300 мыңнан астам адам бар. 

«Бұған дейін олар ерекше бақылауда болып келсе, енді Денсау­лық сақтау министрлігі мұндай науқастарға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекті тоқтатуды ұсынып отыр. Әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімінен алып тас­­тау­ға ұсынылғандардың қатарын­да бала­лардың сал ауруы да бар. Егер министрліктің бұл бастамасы жүзе­ге асатын болса, науқастарға көр­сетілетін тегін көмек түрлері шектеледі. Сондықтан ата-аналар бұған өз наразылықтарын білдіруде», – деді Б.Сыздықова.

Бүгінде елімізде қант диа­бетімен ауыратын 309 783 адам тіркелген. Оның 3032-сі жасөспірім болса, ин­сулинді дәріні тұрақты тұтына­тындар саны – 1426 адам.

Сондай-ақ жиында ата-аналар мен басқа да қоғам белсенділері бұл мәселені шешу­дің тиімді жолдарын ұсы­нып, өз пікірлерін ортаға салды. Мысалы, Гүлжаһан Тажит­динова осы аурумен ауы­ра­тын балалардың дәрі-дәр­мекпен уақтылы қамтамасыз етіл­мейтінін айтып, осы мәселені қада­­ға­лауды күшейтуді сұрады. 

Өз кезегінде Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева тегін медициналық кө­мектің кепіл­ден­дірілген көлемі­нің (ТМККК) тізімі 2009 жыл­дан бері дұрыс қаралмай кел­генін, содан бері диагности­ка мен емдеудің стандарт­тары өзгер­генін, жаңа техноло­г­ия­лар­дың енгі­зілгенін атап өтті.

Барлық айтылғандарды  қоры­тын­дылаған М.Әшімбаев осы сала­дағы нақты тетіктерді атап өтті. Ал бұл бағыттағы жұмыс­ты үйлестіру «Нұр Отан» пар­тиясының хатшысы Тамара Дүйсеноваға жүктелді.

Миражан МАХАН,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Арыс, біз біргеміз!

Аймақтар • Бүгін, 09:53

Апатта босанған ана

Аймақтар • Бүгін, 09:36

Газ құбыры құрылысы ойдағыдай

Қазақстан • Бүгін, 09:33

Салық жүйесі жетілдіріледі

Экономика • Бүгін, 09:28

Зардап шеккендермен кездесті

Аймақтар • Бүгін, 09:27

Кемеңгерлік келбеті

Қазақстан • Бүгін, 09:23

Агросектордың әлеуеті қандай?

Қазақстан • Бүгін, 09:15

Апаттың алдын алу мүмкін бе еді?

Аймақтар • Бүгін, 09:13

«Егеменнің» еңбегі еленген күн

Қазақстан • Бүгін, 09:03

Әрі ақын, әрі жазушы

Руханият • Бүгін, 00:18

Ұқсас жаңалықтар