Экспортқа 3,7 млн. тонна астық жөнелтілді. Иран бағдарына 700 мың тоннадан астам астық жіберілсе, ол өткен жылмен салыстырғанда үш есеге жоғары. Өзбекстанға 1,2 миллион тонна жіберілсе, ол өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 63 % жоғары. Қытай (+23%), Ауғанстан (+53%) бағдарына астық тасымалы көбейді.
Биылғы жылғы бес айда ұн тасымалдау 1,2 миллион тонна болды. Өзбекстанға жіберілген астық көлемі 47 %, Түркменстанға қарай 2,6 есеге өсті.
2018 жылғы мамырдан бастап «Астық-Транс» АҚ астық вагондарын пайдалану ақысын 15 пайызға төмендетті. Яғни, экспорттық тасымалға тәулігіне 9 мың теңге арзандаса, республикаішілік бағдарға 4,5 мың теңгеге түсті. Мұндай жеңілдік үш жылдан бері қолданылып келеді.
Мұндай бағаны төмендету шарасы жылма жыл жазғы маусымда жасалады. Бұл өз кезегінде экспорттық тасымал, жалпы жүк ағыны, вагон жетіспеушілігі және жылжымалы құрам иелерінің арасындағы бәсекелестіктің артуына байланысты болып отыр.
2018 жылы «Узбекистон темир йуллари» АҚ мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ екі ел аумағымен экспорттық жүктерді тасымалдауға қолайлы тарифтік жеңілдіктер жасауға уағдаласты. Келісім астық, ұн өнімдеріне де қатысты.
2018 жылғы 1-мамырдан бастап Қазақстаннан шығатын астық, ұн өнімдеріне төмендетілген коэффициенттер: Келес – Ходжадавлет – 50%; Келес – Галаба – 20% бағдарларына жасалды. Осылайша, қазақстандық және өзбекстандық астық өндірушілерге қолайлы жағдай жасалды.
2004 жылдан бері «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ мүкәммәл мүлік паркі меншігінде жабық вагондар, жартылай ашық вагондар, астық вагондары жоқ. Экспорттық-импорттық бағдарларда Орталық Азия мен Кавказдың теміржол әкімшіліктерінің вагондары пайдаланылады. Жалпы алғанда, көрші мемлекеттерден тартылатын жалпы вагондардың 4% астық вагондары, 3% жабық вагондар құрайды.
Аталмыш парк маусымдық кезде болғандықтан, ол астық пен ұн өнімдерін тасымалдауға және оның бағасын жасақтауда маңызды рөл атқармайды.
2018 жылғы 28 мамырдан бастап барлық меншік иелерінің мүкәммәл мүлік паркіне бірдей мүмкіншілік жасалған. Бұл өз кезегінде қазақстандық меншік иелері көршілес елдермен бірге бәсекелесіп, өз паркін толықтыруға инвестиция тартуына жол ашатын болады.
Мәселен, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ өткен жылдың төртінші тоқсанында қазақстандық хоппер астық вагондарына сұраныс көп болғандықтан, көршілес елдерден вагон көмегін алуға тура келді. Бұл өз кезегінде әр ай сайын 1 миллион тонна астық тасымалдауға мүмкіндік әперді.
Атап өтерлігі, вагон көмегі меншік иесі болып табылатын елге тәулігіне 17 швейцар франкіне түседі. Елімізде теңге құнының төмендеуіне байланысты басқа көршілес елдердің теміржол әкімшіліктерінің мүкәммәл мүлік паркін пайдалану екі есеге өскен. Биылғы бес айда жабық вагондар мен астық вагондарына 3,7 млн. швейцар франкі, теңгеге шаққанда 1,3 млрд. теңге құрады. Теміржол тарифында бұл шығынды жабуға 19% қарастырылды.
Астық тасымалдаудың негізгі бөлігін қайтарымсыз қаржы (субсидия) есебінен теміржол жапты. Бұл шара аграрлық саласының табысын түсірмеу үшін қолданылды.
Жалпы алғанда, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тарапынан жасалып жатқан шаралар астық пен ұн өнімдерін тасымалдаудағы ауытқушылықтарды болдырмауға бағытталған.
Айта кетейік, қазіргі кезде «Астық Транс» АҚ басқаруында 6,4 мыңнан астам астық вагондары бар. Басқа меншік иелері мен операторларында 1870 дана вагон бар. Қазақстандағы жалпы жабық вагондарының саны -12 мың дана болса, оның 8 мыңы «Қазтеміртранс» АҚ меншігінде болса, қалғандары жеке операторлардың меншігі.