Жаңартылған журнал таныстырылымына келген құрметті қонақтар қатарында ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев, мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов, ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Нұргүл Мауберлинова, тағы басқа да мемлекет және қоғам қайраткерлері, көлік-логистикалық компания өкілдері болды.
Қазақстанда салалық, соның ішінде еліміздің көлік-логистикалық дамуы туралы баяндайтын басылымдар көп емес. Сондықтан жаңа меншік иесі Ержан Сейітқазынов дәл осы бағытқа қаржы инвестициялауды ұйғарған.
«Мен үшін «Транзит.kz» журналы жай медиа жоба емес, бұл үлкен сын. Қазақстанда көлік саласы - ең басым бағыттардың бірі. Біз географиялық тұрғыдан Қытайды Ресеймен теміржолмен, автожолдармен байланыстырамыз. Каспий теңізінде біздің теңіз компаниямыз – ең ірі компаниялардың бірі. Барлық Азияда біздің әуетасымалдаушымыз көшбасшы атанды. Яғни біз Еуразия орталық хабы болып есептелеміз. Сондықтан мен еліміздің пиарына кішкене болса да үлесімді қосып, туристерді, инвесторларды тартуға көмектескім келеді. Журналдың жаңа ұраны – «Еуразия жүрегі арқылы». Командамызбен осы тапсырманы орындаймыз деп үміттенемін», – деді бас редактор, Ержан Сейітқазынов.
Тұсаукесерде сөз сөйлеген инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек басылымның маңыздылығын атап өтті.
«Еліміздің ЖІӨ-інде көлік және коммуникация үлесі 8%-дан асады. Бұл Қазақстан экономикасына айтарлықтай қомақты салым. Біз екі ірі нарық, Қытай мен Еуропа, ортасындамыз. Сондықтан көлік және логистика – Қазақстан үшін маңызды сала. Бұл жұмыстар туралы сауатты жазу – БАҚ, соның ішінде «Транзит.kz» журналының міндеті. Біз басылым ұжымы мен басшылығына кәсіби жетістіктер тілейміз. Журнал бізге өте қызықты, және біз өз тарапымыздан техникалық, ақпараттық қолдау көрсетеміз. Осы сала басшысы ретінде бар практикалық көмегімді көрсетуге уәде беремін. Бізде үлкен көлемде ақпарат, жаңа идеялар, жобалар бар, және осы ақпаратты сіздің журнал арқылы халыққа қуана жеткізуге дайынбыз», – деді министр.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев транзитке күрес тек көлік саласында емес, бұқаралық ақпарат құралдары алаңында да жүріп жатқанын атап өтті.
«Бұл журналдың қайта жағарып шығуы Қазақстанның транзиттік хаб ретінде жайғасуының жаңа деңгейін бастайды деп ойлаймын. Бұл -бізге Елбасының қойған мақсатты тапсырмасы. Бірқатар стратегиялық бастамалар жүзеге асырылып жатыр, оларды жан-жақты жариялау қажет. Журнал жарық көргеннен бастап, тек ақпараттық қана емес, сараптамалық бағыттағы айдарлар да шыға бастайды деп үміттенемін. Менің ойымша, бізге көбіне қазіросыжетіспей тұр. Әрине, біз көлік саласы ретінде, ұлттық холдинг ретінде бұл жобаға барынша қолдау көрсетеміз. Ұжымға ақ жол, шексіз темір магистральдер, ұзын автожолдар мен ашық аспан тілеймін!» – деп құттықтады Қанат Алпысбаев.
Ерлан Қожағапанов өз кезегінде саяхат тақырыбын дамыту маңыздылығын атап өтті. Көліктік және туристік салалар өзара тығыз байланысты.
«Бұл басылым мағыздылығын асыра бағалау мүмкін емес. Әсіресе қазір экономикамыз белсенді дамып, жыл сайын транзиттен түсімдер өсіп жатыр. Тасымалдаудың туризм саласындағы рөлін баса айтқым келеді. Қазір үкімет Елбасы тапсырмасы бойынша бұл бағытқа үлкен назар аударуда. Әйтпесе мыңдаған километр не үшін салынды – әрине, туризмді дамыту үшін. Бүгін Қазақстанға 7,5 миллионнан астам адам келіп, оның шамамен 3,5 миллионы транзит тәртібінде жүреді. Жылдан жылға бұл сан өсе береді. Сәттілік тілейміз, журналдың оқырмандары көбейе берсін», – деді ол.
Ақпарат және коммуникация вице-министрі Нұргүл Мауберлинова журналдың Елбасының көлік-логистикалық саласындағы өзгерістер туралы халықты құлақтандыру туралы тапсырмасын оңай орындайтынына сенімділік білдірді.
«Транзит.kz» республикалық журналы 2007 жылдың маусымынан бері әр тоқсан сайын шығарылып келген. Енді ол ай сайын жарияланады.