Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.
Байқоңыр қаласында өткен «Байқоңыр» космодромының 50 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінен.
Қызылорда облысы, 2005 жылғы 2 шілде. Бүкіл әлем бойынша шамамен 30 космодром жұмыс істейді. Олардың арасында жалпы ұшырылымдарды, сондай-ақ коммерциялық ұшырылымдарды қоса есептегенде, «Байқоңыр» космодромы көшбасшылар қатарынан орын алады. Әлемдегі аса ірі космодром ретінде «Байқоңыр» біздің еліміздің ғажайып бәсекеге қабілетті басымдығы болып табылады. 90-шы жылдары космодром Қазақстанға тек де-юре тиесілі болса, ал ол Ресейдің билігі мен қолданысында де-факто қалып келді. Сол кезеңде Қазақстанның өз күшімен «Байқоңыр» кешенінің одан әрі жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндігі жетпеді. Осындай күрделі жағдайда космодромды жоғалтудың шын қаупі пісіп-жетілді. Қалыптасқан ахуалдан шығудың жолы космодромды Ресей тарапына жалға беру болды. Бірақ жалға алудың негізгі шарты Қазақстанға өзінің экономикалық, ғылыми және кадрлық әлеуетін дамытуына байланысты бірте-бірте «Байқоңыр» кешеніне енуі болып қалып отыр. Тәуелсіздігінің таңсәрісінде Қазақстан ғажайып ғарыш кешені – «Байқоңыр» космодромын иеленді. Аталған жоғары технологиялық алаңды жұмыс жағдайында ұстап тұру үшін үлкен күш жұмсау және саяси ерік-жігер көрсету қажет болды. 2007 жылы Ұлттық ғарыш агенттігін құру Қазақстанның ғарыш қызметін дамытуда сапалы жаңа кезеңнің туғанын белгілеп берді. Ел үшін жаңа ғарыш саласын құруға бағытталған ғарыш саласын дамытудың стратегиясы жасалды. Аталған стратегия аясында елімізде алғаш рет Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш мониторингі жүйесінің жердегі инфрақұрылымы құрылды. Оның құрамына Орталық Азиядағы халықаралық деңгейде сертификатталған, Астана мен Алматыда жерді қашықтықтан зондтаудың деректерін қабылдаудың, өңдеудің және мұрағаттаудың екі аса ірі орталығы кіреді. Қазіргі кезде ғарыш қызметімен белгілі бір деңгейде әлемдегі барлық жетекші елдер мен көптеген дамушы елдер айналысады. Оған қоса, егер ғарыш саласындағы жекелеген міндеттер іс жүзінде олардың әрқайсысында шешілетін болса, көпқырлы ғарыш қызметімен айналысуға тек бірнеше мемлекеттің ғана мүмкіндігі бар. Бүгінде Ресеймен және Франциямен бірлесіп Индустрияландыру картасына енген 4 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Сол жобалардың бірінің шеңберінде үстіміздегі жылдың шілде айында «Байқоңыр» космодромынан «КаzSat-2» ғарыш аппаратын ұшыру жүргізілді. Аталған жобаны жүзеге асыру Қазақстандағы байланыс операторларының жұмыс ауқымы мен сапасын арттыруға жағдай туғызады. 2010 жылы «Астана – жаңа қала» еркін экономикалық аймағы аумағында Астана қаласында Ұлттық ғарыш орталығының құрылысы басталды.Қазіргі кезде еліміздің алдында әлемдегі жетекші ғарыш державаларының бірі болу міндеті тұр. Ол үшін біз Қазақстанның ғарыш саласын мақсатты түрде дамытуға бағытталған іс-қимылды жалғастыратын боламыз.