14 Желтоқсан, 2011

Оқу ордасындағы ой бөлісу

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алматы қаласындағы халықаралық бизнес университетінің студенттері белгілі журналист, «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің мүшесі Бигелді Ғабдуллинмен кездесті. Кездесуде Тәуелсіздіктің 20 жылдығында Қа­зақ­­стан­ның қол жеткізген жетістіктері мен қ­о­ғам­ды шы­найы ақпаратпен қамтамасыз етуде және елді дұ­рыс бағытқа бастауда бұқаралық ақпарат құрал­да­рының рөлі қандай болуы керек екендігі, білім беру жүйе­сін­де тиімді реформа­ларды жаң­ғырту, Парламент Мәжі­­лісінің сай­лауы қарса­ңын­дағы еліміздің партиялық белсенділігі қандай деген мәселелер сөз болды. Со­ны­мен қатар, белгілі журналист пен студент жас­тар­дың арасында еркін пікір алмасу мүмкіндігі орнап, бү­гінгі қоғамда қызу талқыға түсіп жүрген саяси, эко­номикалық және әлеуметтік тақырыптар да қозғалды. Қанат ЕСКЕНДІР, Алматы.