Аймақтар • 21 Маусым, 2018

Солтүстік Қазақстанда журналистер спартакиадасы өтті

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында облыстық журналистер одағы филиалының ұйымдастыруымен журналистер спартакиадасы өтті.

Солтүстік Қазақстанда журналистер спартакиадасы өтті

Филиал төрағасы Ерлан Тоқшылық, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің профессоры Зарқын Тайшыбай, облысымызға белгілі кәсіпкер Жомарт Омаров қалам иелеріне сәттілік тіледі. Он команда жарыс жолына шығып, алдымен шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі спорттық ойындарынан сайысқа түсті. Тоғызқұмалақтан ерлер арасында облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінің компьютер техникасына қызмет көрсету инженері Есләмбек Бейсембинбірінші орынға ие болды. Жалпыкомандалық есепте де осы ұжым жеңімпаз атанды. Үстел теннисінен бірінші орын“Первый северный” телеарнасына бұйырды.

Волейболдан ақтық жарыста СҚМУ студенттері мен “Soltústіk Qazaqstan” газетінің командалары  кездесіп, алдыңғысы жеңіске жетті. Арқан тартуда “Қызылжар”телеарнасы ешкімге дес бермеді. Дартста солтүстікқазақстандық басылым жеңістің ең биік тұғырына көтерілді.Футбол, шахмат ойындары да қызықты әрі тартысты өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынға “Солтүстік Қазақстан” газетінің ұжымы ие болды. Екінші, үшінші орындарды “Первый северный” телеарнасы мен СҚМУ командасыеншіледі.

Облыстық ішкі істер департаменті, “Қызылжар су” кәсіпорны, “Шағала-Агро” ЖШС-і, “Семейный” сауда үйі демеушілік көрсетті.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»