Қазақстан • 21 Маусым, 2018

Қ. Тоқаев Швейцария Елшісін қабылдады

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының елшісі Урс Шмидті қабылдады.

Қ. Тоқаев Швейцария Елшісін қабылдады

Қ. Тоқаев Қазақстанның Еуропадағы сауда, инвестиция және сыртқы саясаттағы маңызды әріптесі болып табылатын Швейцариямен екіжақты қатынастарының қарқынды сипатын атап өтті. Сенат Төрағасы екі елдің заң шығару органдарында жұмыс істейтін достық топтары сындарлы рөл атқаратын парламентаралық үнқатысудың барысын жоғары бағалады. Қазақстан мен Швейцария парламентшілері халықаралық парламенттік ұйымдарда, оның ішінде ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблея аясында табысты ынтымақтасып келеді.

Елші алдағы 9-12 шілдеде экономикалық ынтымақтастықтың мәселелерін қарастыру және талқылау үшін келетін экономика, білім және зерттеулер министрі Йоханн Шнайдер-Амман бастаған сауда-инвестициялық делегациясының сапары туралы хабардар етті. Қазақстанның Еуразиядағы рөлі мен орнын ескере отырып, Бернде бұл сапарға баса назар аударып отыр.