Қазақстан • 21 Маусым, 2018

Бітімгершілік ротаны БҰҰ миссияларына жіберу туралы баспасөз конференциясы өтті

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде Қорғаныс министрлігі және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штаб өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Бітімгершілік ротаны БҰҰ миссияларына жіберу туралы баспасөз конференциясы өтті

Іс-шара барысында Таяу Шығыстағы, Кипрдегі, Үндістандағы, Пәкістандағы, Ливандағы және Батыс Сахарадағы БҰҰ миссияларына қатысатын әскери бақылаушылар мен штабтық офицерлердің санын 40 адамға дейін ұлғайту жөнінде мәселе қаралды.

Одан басқа, бітімгершілік ротаның үнді контингенті құрамында «Ливандағы БҰҰ-ның уақытша күштері» (120 адам)  миссиясына жолдау жөнінде шешім қабылданды.

Ливандағы БҰҰ-ның уақытша күштері (UNIFIL - ЮНИФИЛ)  1978 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бұрыштамаларымен бекітілгенін және БҰҰ-ның анағұрлым ұзақ бітімгершілік операцияларының бірі болып табылатынын естеріңізге сала кетейік.

Ливан – Таяу Шығыстағы Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы таулы аймақта орналасқан мемлекет. Шығысында және солтүстігінде –  Сириямен, оңтүстігінде – Израилмен шектесіп жатқанын айта кеткен жөн.

Миссияны құру мақсаты Ливанның оңтүстігінен Израиль мемлекетінің әскерлерін шығаруды растау, еліміздің барлық оңтүстік аудандарында өрістетуде Ливан үкіметіне көмек көрсету, сондай-ақ азаматтық халыққа ізгілік қолжетімділікті және алмастырылған адамдардың қауіпсіз оралуын қамтамасыз ету болып табылады.