Гүлшара Әбдіқалықова Босния және Герцеговинаның елшісімен кездесуде ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасы комитетінің биылғы 4-6 маусымда Парижде өткен сайлауында біздің елге қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Қазақстан аталған комитетке алғаш рет сайланып отыр және бүкіл жер шарындағы мәдени мұраларды сақтау ісінің теориясы мен тәжірибесін жетілдіруге өз үлесін қосуға ниетті.