Аймақтар • 22 Маусым, 2018

«Нұр Отан» Маңғыстау облыстық филиалы мемлекеттік және полиция қызметкерлерін марапаттады

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы мемлекеттік қызметшілерді және ішкі істер органдары мен тәртіп сақшыларын кәсіби мерекесімен құттықтап, марапаттады. Бейресми шараға «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының қызметкерлері, партия ардагерлері, қоғамдық кеңес мүшелері, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызметкерлер, «Жас Отан» ЖҚ мүшелері, полиция қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

«Нұр Отан» Маңғыстау облыстық филиалы мемлекеттік және полиция қызметкерлерін марапаттады

Шараны жүргізген «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төраға орынбасары Тұмышев Нұри Лазарұлы мемлекеттік қызметкерлер мен полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

-Облыстың қарқынды дамуы сіздердің мамандықтарыңызға, тәжірибелеріңізге, ұмтылыстар мен жiгеріңізге тікелей байланысты. Бүгінде мемлекеттік қызметкерлер үшін жақсы жағдай жасалып, осыған сәйкес, талаптар да күшейе түсті. Тиісінше, атқарылатын істердің сапасы да жақсара түседі деп сенеміз.

Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері және тәртіп сақшылары! Сіздерді «23 маусым – Қазақстан полициясы күні» мерекесімен құттықтаймыз. Қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, ел тыныштығын қорғау жолындағы қажырлы еңбектеріңізге сәттілік тілейміз. Әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атаққа абыройлы қызмет ете беріңіздер!, -деп жиналған қауымға ыстық ықыласын білдірді.

Шара барысында Маңғыстау облыстық басқарма басшыларына сөз беріліп, олардың кәсіби баспалдағы жөнінде және басқа да рухани әңгімелер айтылды. М. Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармониядан келген өнерпаздар күй тартып, ән шырқады.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы