Аймақтар • 22 Маусым, 2018

Маңғыстау облысында «Нұрлы жер» және «Қолжетімді баспана» бойынша отырыс өтті

211 реткөрсетілді

«Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында партиялық тыңдау отырысын өткізді. Отырысқа Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаттары, «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат қызметкерлері қатысты.

Партиялық тыңдау отырысын «Қолжетімді баспана» бағыты бойынша «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағаның бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Тумышев Нури Лазарұлы жүргізді.

Отырыстың басында Мемлекет басшысының бірінші бастамасы «7-20-25» бағдарламасы бойынша «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» туралы айтылды. Бұл жөнінде Маңғыстау облыстық филиалы Ұлттық банк директорының орынбасары Сугиров Нурлан Алтынбергенұлы айтып берді.

-«7-20-25» бағдарламасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 107 қаулысымен «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілді. Үстіміздегі жылдың екінші жарты жылдығында іске қосылады делінгенмен, заңнама әлі қабылданған жоқ. Өйткені бағдарлама әлі толық пісіп жетілмеген, айтылып жатқан ұсыныс пікірлер де аз емес. Олардың барлығы қаперге алынатын болады. Бағдарлама бойынша ресми түрде несие берілер кезде Ұлттық Банк интернет ресурсы арқылы жарияланады және БАҚ-та арналған брифинг өткізілетін болады, -деді ол.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Қырғыз әуені

Руханият • Кеше

Хат қоржын (15.07.2019)

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар