Аймақтар • 22 Маусым, 2018

«Ақтау Теңіз Порты» АЭА мен DP World инвестициялық жобаларды жүзеге асырмақ

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Dubai Port World (БАӘ) ірі порт операторының басқарушы директоры Ризван Соомармен (Rizwan Soomar) кездесті.

«Ақтау Теңіз Порты» АЭА мен DP World инвестициялық жобаларды       жүзеге асырмақ

Екі жақты кездесу барысында Маңғыстау облысының аймағында қолданыстағы теңіз айлақтарын басқару тиімділігін арттыру мақсатында компаниямен ынтымақтастық, көлік-логистикалық жүйені жаңғырту және  дамыту саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Dubai Port World компаниясының озық технологиялары мен тәжірибесі 80-нен астам әлемдік порттар мен терминалдарда қолданылады. «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын басқару саласында да аталмыш компанияның тәжірибесін енгізілген.

Маңғыстау облысының транзиттік әлеуетін логистикалық хаб ретінде дамыту үшін биылғы жылдың наурыз айында «Ақтау теңіз порты» АЭА мен DP World компаниясының арасындағы стратегиялық әріптестік туралы екіжақты келісімге қол қойылды.

Кездесу барысында облыс басшысы сапардың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Ералы Тоғжанов ірі эмираттық компаниямен бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін айтты.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы