Қазақстан • 23 Маусым, 2018

Дипломаттар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР СІМ-де Министрдің орынбасары Ержан Ашықбаевтың Ресейдің Қазақстандағы Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесуі өтті. 

Дипломаттар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады

Кездесу барысында дипломаттар екіжақты ықпалдастықтың және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.

Дипломаттар Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру бойынша халықаралық коалицияның күш-жігеріне Қазақстанның көрсетіп жатқан қолдауына ерекше көңіл бөлді.

Кездесуде қарусыздану, БҰҰ-ның Адам құқығы бойынша кеңесін реформалау және бұл саладағы екі ел әрекеттестігінің перспективалары мәселелері, сондай-ақ алдағы уақытта өтетін көпжақты іс-шараларжан-жақты талқыланды.

Сонымен қатар, дипломаттар қазіргі АҚШ пен РФ арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың жағдайын қозғады. Ресей мен АҚШ арасындағы қақтығыс басқа елдерге де әсерін тигізетінін ескере отырып, Е.Ашықбаев екі мемлекеттің ортақ үндесуге келу мүмкіндігіне сенім білдірді.

Тараптар халықаралық қауіпсіздік және өзге де өзекті проблемалар бойынша диалогты жалғастыру жөнінде келісімге келді.