Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ.
Кеудесін жақсылыққа сақ ұстаған, Нар далам, өркендей бер намыс далам. Тауың да, кең далаң да анам менің, Күнім жоқ мен олардан алыстаған. Таулар да тарихынан хабар беріп, Өз сырын айтатындай маған келіп. Жаңа күн, жаңа батыр, жаңа әншілер, Ақырын бара жатыр заманға еріп. Бақ елім, баяғыдан, батыр елім, Гүл басып қарашы, әне, жатыр өрін. Жиырмаға келді бүгін Қазақстан, Ешкімге бастырмастан көкірегін. Жарқынсың, мейлің таңмен жаңа да атсын, Пейілсің, мейірімсің, қанағатсың. Өр елім беделіңді бермей жатқа, Өрмелеп биігінде бара жатсың. Соғады алыстарда асқардан жел, Жерден кел, қуаныштар, аспаннан кел. Өзенін өрге қарай ағызады, Өзінің туған ұлы басқарған ел. Оятып көкірегін жан ананың, Басталды бақыт жайлы жаңа да әнің. Мақтанып қазақ болып туғанына, Мектепке бара жатыр балаларың. Қадаған жүректерге қара көзін, Бітпейсің арулардың санап өзін. Әншілер бар даусымен шырқап жатыр, Аялап замананың жаңа кезін. Жайнайды жаралған бір көлім нұрдан, Барғанда толқынына шомылдырған. Ғылымның асқарларын аламыз деп, Ғалым көп Қанекеңнің жолын қуған. Келеміз өмір сүріп күн қасында, Қызықтар өтер талай қыр басында. Жиырмаға келді бүгін Қазақстан, Тойлар ел оның әлі мың жасын да.Шымкентте көпбалалы ана үшем дүниеге әкелді
Аймақтар • Бүгін, 12:00
118 млн теңге залал: Бухгалтер мемлекеттік кәсіпорынның ақшасын бәске тігіп, көлік сатып алған
Аймақтар • Бүгін, 11:56
Петропавлда алаяқтың арбауына түскен әйел 18 млн теңгесінен айырылды
Оқиға • Бүгін, 11:42
Қазақстанның арнайы жасағы UAE SWAT Challenge-2026 турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстан • Бүгін, 11:36
Ақтоғай ауруханасына 6 жаңа санитарлық автокөлік берілді
Аймақтар • Бүгін, 11:33
Екібастұз ГРЭС-3 станциясы салынады: Елдің электр энергия өндірісі ұлғаяды
Энергетика • Бүгін, 11:20
2025 жылы қанша алтын құйма сатылды?
Қоғам • Бүгін, 11:18
Рыбакинаға Ресейге кіруге тыйым салынбақ
Теннис • Бүгін, 11:08
Әкімдер мен мәслихаттардың өзара іс-қимыл тәртібі Ата заңда қалай бекітілген?
Ата заң • Бүгін, 10:53
Қазақстан − Германия келіссөздері: Қай салаларда серіктестік артады?
Саясат • Бүгін, 10:48
Жаңа Конституцияда жеке деректерді сақтауға заңмен кепілдік беріледі
Ата заң • Бүгін, 10:39
Қызылордада жолдағы қозғалысты дрон бақылайды
Аймақтар • Бүгін, 10:34
Вице-Президентті кім тағайындайды?
Саясат • Бүгін, 10:30
Су саласын жүйелеу басталды: Сегіз бассейнге арналған жоспар әзірленеді
Қоғам • Бүгін, 10:25
Жаңа Конституцияда ел азаматтығына қатысты қандай ережелер ұсынылған?
Ата заң • Бүгін, 10:22